Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


Балқаш қаласы ветеринария бөлімінің 2018 жылдың 1 тоқсанына атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

Бөлімнің негізгі мақсаты қала және маңындағы кенттерде эпизоотиялық тұрақты ахуалды сақтау болып табылады.

Ветеринария жұмысының негізгі мақсаты:

  1. Ауылшаруашылық жануарларын жұқпалы аурулардан қорғау және емдеу;
  2. Тұрғылықты халықтың денсаулығын, адамдарға және малға ортақ жұқпалы аурулардан қорғау;
  3. Ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

1)    Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы егу жұмыстарын жүргізу:

Ауыл шаруашылығы жануарларын егу жұмыстары 2018 жылдың наурыз айына  толықтай атқарылды.

Анықтама үшін: жоспар бойынша ірі қараны сібір жарасына қарсы егу –700 бас,  ұсақ мал –1000 бас, жылқы – 100 бас, шошқа – 200 бас, түйе –0 бас, ит -100  бас орындалды.

2)    Диагностикалық зерттеулер жүргізу:

2018 жылға жұқпалы ауруларға қарсы зерттеу толықтай орындалды:

Анықтама: бруеллезге қарсы диагностика жоспары бойынша ірі қара – 672 бас, ұсақ мал – 550 бас, шошқа – 200 бас, түйе – 0 бас, ит -35 бас, жылқы – 12 бас. Бруцеллезге оң нәтиже берген 2 бас ірі қара анықталды, 1 бас Қоңырат мөлтекауданынан, 1 бас 90 квартал. Ветеринариялық-санитариялық талапқа сәйкес аталған 2 бас ірі қара сойылды.

Туберкулезге қарсы зеттерлген мал басы: ірі қара – 250 бас, шошқа -200 бас. 

3)    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру:

Анықтама: 2018 жылдың 1 тоқсанына ірі қара мал басын бірдейлендіру – 290 бас, ұсақ мал – 100 бас, жылқы – 0 бас, шошқа -0 бас, түйе -0 бас.

Бірдейлендірілгені: Ірі қара – 218 бас немесе 75 %, ұсақ мал – 254 бас немесе 100%, шошқа – 45 бас немесе -100 %, түйе – 0 бас немесе – 0 %, жылқы – 9 бас немесе 100%, бірдейлендіру дерегі республикалық порталға енгізілді.  

4)    Мал қорымдарын ұстау және жұмысы.

Балқаш қаласы аумағында 4 мал қорымы жұмыс жасап тұр, Балқаш қаласының эпизоотиялық ахуалын жақсарту мақсатында биылғы жылы жаңа үлгідегі мал қорымын салу жоспарланып және іс жүзінде типтік мал қорымының жұмыстары толықтай атқаралып, іс қосылды. Жергілікті бюджеттен мал қорымдарының жұмысы өз деңгейінде атқарылу үшін 3153 мың теңге бөлініп, игерілді.

5)    Мемлекеттік Ветеринариялық-санитариялық бақылау жұмыстарын жүргізу: 

Мал сою нысандарында, ішкі-сауда орындарында (дүкендер, базарлар, қоғамдық тамақтандыру орындары және т.б.) бақылау  нысандардың қала аумағына кіріп, шығуын қатаң бақылауда ұстау арқылы жұқпалы аурулардың таралмауына тосқауыл қою.  

         Жыл басынан 28 нысан тексеруден өтіп, ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдауда ветеринариялық-санитариялық талаптарды бұзғаны үшін ұйғарымдар берілді.      Тиісті егу, диагностикалық зерттеу және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын сапалы атқару үшін, осы жұмыстарды атқаратын кәсіпорынның дербес жұмыс ғимараты болуы маңызды. Балқаш қаласының ветеринариялық станциясы жаңа ғимаратқа орналасып, Гүлшат, Саяқ кенттерінде тиісті аумақтық ветеринариялық пунктері жұмыс істеп тұр.

         Қалалық ветеринариялық станция және ветеринариялық пунктер арнайы қызметтік көлікпен, құрал- саймандармен қамтамасыз етілген.

6)  Қаңғыбас ит пен мысықтарды аулау және жою.

Жергілікті бюджеттен қаңғыбас ит пен мысықтарды аулау және жою үшін ағымдғы жылға 4709 мың теңге бөлінді. 2 ай ішінде 800 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланып, жойылды. Атап айтқанда 561 бас ит 239 бас мысық.

6)    Ағарту жұмыстары.

         Ветеринария туралы заңының негізгі баптарын халыққа түсіндіріп, таратып жеткізу негізгі сұрақтарға толықтай жауап бере алады:

         Атап айтқанда жергілікті баспасөзге мақалалар жазу, жиындар өткізу, мал иелеріне буклеттер тарату, сол арқылы халыққа дер уақытында қаралымдағы жануарларға жоспарлы түрде өтетін ветеринариялық профилактикалық шаралардың тиімділігін түсіндіру. Мал өнімдерін тиісті ветеринариялық сараптамасыз тұтынушыға өтпеуіне тосқауыл қою. Келген малдың тиісті жердің есебінен шағуын қадағалау, ілеспе құжжаттарының болуын міндетті түрде тексеру, келетін және қаладан тыс жерге кететін малдарға карантиндік шаралар ұйымдастыру.

         Қарағанды облысы бойынша жергілікті мәслихаттарында бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және  ит пен мысықтарды  ұстау Қағидаларын  талапқа сай орындалуын қамтамасыз ету.

         Бүгінгі күнге газеттерге аталған сұрақтар туралы 6 мақала жарияланып,  жергілікті телеарнада 2 көрсетілім, 2 жиын өтіп, мал иелеріне 84 ескертпелер таратылды.

         Ветеринария саласындағы қауіпсіздік туралы сұрақ үнемі бақылауда ұсталынып отыр.  

 «Балқаш қаласының ветеринария бөлімі»

  ММ-сінің басшысы                                                           С.Б.Молдабеков


Дата редактирования: 18 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх