Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Балқаш қаласы ветеринария бөлімінің 2017 жылғы 7 айында атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

Эпизоотиялық жағдайдың тұрақты болуы үшін жыл сайын белгіленген жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық-профилактикалық шаралар негізінде егу-емдеу, алдын-алу шаралары жүргізіледі. Сіздердің назарларыңызға «Балқаш қаласының ветеринария бөлімі» ММ-нің 2017 жылдың 7 айындағы алдын-алу іс-шаралары туралы есебін ұсынылады.

Ветеринария жұмысының негізгі мақсаты:

1. Ауыл шаруашылық жануарларын жұқпалы аурулардан қорғау және емдеу;

2. Тұрғылықты халықтың денсаулығын, адамдарға және малға ортақ жұқпалы аурулардан қорғау;

3. Ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Осыған байланысты ветеринария бөлімінің қызметі осы мақсаттарды орындау үшін эпизоотияға қарсы шараларды уақытында өткізуді ұйымдастыру, ол үшін ауыл шаруашылық жануарларын аса қауіпті ауруларға қарсы екпе жасау, диагностикалық зерттеу, ит пен мысықтарды ішек құртына қарсы дәрілеу, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру, мал соятын және ветеринариялық-санитарлық сараптама жасау нысандарының болуы, қаңғыбас ит пен мысықтарды аулау және жою жұмыстарын жүргізу, ҚР заңына сәйкес ветеринариялық-санитариялық бақылау жұмысын атқару қарастырылған.

Балқаш қаласы бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

1. Эпизоотияға қарсы шараларды жүргізу.

ҚР «Ветеринария туралы» Заңы негізінде, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрінің бұйрығына және Қарағанды облысы Ветеринария басқармасының бұйрығына сәйкес Балқаш қаласы бойынша ветеринариялық-профилактикалық шаралардың жоспары жасалынған және Балқаш қаласы бойынша әкімнің орынбасары жоспарды бекітіп, тиісті орындаушыларға жеткізілген. Осы шараларды атқару үшін жергілікті бюджеттен 7973 мың теңге қарастырылып, вакцинация үшін – 4911,5 мың теңге, диагностикалық зерттеуге – 3061,5 мың теңге жұмсау белгіленген.

7 айдың есебі бойынша ветеринариялық-профилактикалық шаралардың жоспары толықтай атқарылды.

Анықтама үшін: жоспар бойынша ірі қараны сібір жарасына қарсы егу – 1720 бас, ұсақ мал – 3200 бас, жылқы – 200 бас, шошқа – 400 бас, түйе – 70 бас, құтыруға қарсы ірі қара - 350 бас, ұсақ мал -400 бас, жылқы -80 бас, ит -450, мысық -220 бас белгіленген.

Нақты атқарылғаны: сібір жарасына қарсы егу ірі қара -2700 бас немесе 156 пайыз, ұсақ мал – 4800 бас немесе 150 пайыз, жылқы – 200 бас немесе 100 пайыз, шошқа – 450 бас немесе 112 пайыз, түйе – 70 бас немесе 100 пайыз, құтыруға қарсы ірі қара - 350 бас немесе 100 пайыз, ұсақ мал -0, жылқы -0, ит -450 немесе 100 пайыз, мысық -0.

Бруцеллезге қарсы диагностика жоспары бойынша ірі қара – 2140 бас, ұсақ мал – 2800 бас, шошқа – 440 бас, түйе – 93 бас, ит -96 бас. Бруцеллезге қарсы зерттелгені: ірі қара -2681 бас немесе 125 пайыз, ұсақ мал – 4757 бас немесе 170 пайыз, шошқа – 440 бас немесе 100 пайыз, түйе – 103 бас немесе 100 пайыз, ит - 96 немесе 100 пайыз.

Бруцеллезге оң нәтиже берген 2 бас ірі қара анықталды, 1 бас Қоңырат мөлтекауданынан, 1 бас Саяқ кентінен. Ветеринариялық-санитариялық талапқа сәйкес аталған 2 бас ірі қара сойылды.

Ветеринариялық-санитариялық шараларға байланысты жұмыстар жалғасуда.

Эпизоотиялық жағдайдың тұрақты қалыптасуына қала аймағындағы ветеринариялық-санитариялық нысандардың жұмыс істеуі оң әсер етуде. Мал сою үшін қала аймағында «Заготскот» ШҚ мал сою пункті және ЖК «Дюзбаева А.А.» мал сою алаңы жұмыс істеуде. 2 нысанның тиісті есептік номері бар. 7 ай ішінде осы нысандарда 3280 бас мал сойылған, атап айтқанда ірі қара -762 бас, ұсақ мал -983 бас, жылқы -161 бас, шошқа -712 бас.

Барлық сойылған малдар сойылар алдындағы және сойылғаннан кейінгі клиникалық қараудан және ветеринариялық-санитариялық сараптамадан толықтай өткен. Осы жұмыстар бөлімнің ветеринария мамандарының тікелей қадағалауымен атқарылған.

Саяқ кентінде жеке кәсіпкер Ш.Жұмағалиевтың мал сою алаңының құрылысы аяқталуға жақын. Нысанның иелігінің заңдастыру жұмыстары толықтай аяқталмағандықтан есептік номер беру жұмысы кешеуілдеуде.

Күнделікті мал сою туралы ақпарат ветеринария басқармасына уақытылы беріледі.

Ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін қалада 2 зертхана бар, бұлар «Ветлаборатория-2005» ЖШС, «Агрико-Ет» ЖШС.

Анықтама үшін: Ветеринариялық-санитариялық сараптама – мал өнімдері мен шикізатының, мал азығы мен қоспаларының ветеринарлық нормативке сәйкес келуін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, токсикологиялық және радиологиялық зерттеулер нәтижесінде іске асатын шара.

Жыл басынан «Ветлаборатория-2005» ЖШС, «Агрико-Ет» ЖШС зертханалары арқылы 21839 сараптама жүргізілген. Атап айтқанда 15850 ет өнімдеріне сараптама (358,5 тонна), 1596 сараптама құс етіне -1074тонна, 1017 балыққа сараптама -91,8тонна, 1234 жұмыртқаға сараптама -222,1 мың дана, сүт және сүт өнімдеріне 1974 сараптама -6,58 тонна, ара балына 168 сараптама -1,2 тонна. Осы аталған өнімдер зертхана мамандарының тексеруінен өтіп әрі қарай пайдалануына рұқсат берілді.

Балқаш қаласы бойынша типтік үлгідегі мал қорымының құрылысы «Нұрасыл и К» ЖШС атқаруымен толықтай аяқталуға жақын.

Инфекциялық аурулардың таралмауына профилактикалық шара ретінде мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізіледі.

а) Орталық базарда, мал соятын «Агрико-Ет» ЖШС пен ЖК «Дюзбаева А.А.» нысандарында күнделікті ветеринариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі. Аптаның әр сенбісінде өтетін жәрмеңкеде ветеринариялық бақылау және қадағалау жұмыстары жолға қойылған.

Бақылау, ілеспе құжаттарды тексеру, ет және сүт өнімдеріне берілген ветеринариялық-санитариялық сараптамалардың және актісі негізінде жүргізіледі.

б) Ішкі сауда нысандарына мониторинг жүргізу жоспары жасалынған. Сауда нүктелерінің тізімі бар. Нысандарға 132 тексеру жүргізіліп, ауылшаруашылық өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамалардың болуы туралы естеліктер таратылған. Бақылау ішкі сауда нысандарын аралап, тиісті құжаттарының тексеру кезінде нақты қолдарында болуын анықтау мақсатында жүргізілді. Ішкі сауда нысандарындағы мониторинг жүргізу жұмыстары тұрақты бақылауда.

Ветеринариялық-санитариялық талаптарының ауыл шаруашылық малдарын тасымалдауда өрескел жол берген немесе ауыл шаруашылық өнімдеріне тиісті ветеринариялық-санитариялық сараптама актісінің болмауының 4 жағдайы анықталды. Оларға тиісті акт жасалынып, Балқаш қаласының аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясына жіберіліп, нәтижесінде 3 әкімшілік айыппұл -136140 теңгеге салынды.

Қаңғыбас ит пен мысықтарды аулау және жою.

Жергілікті бюджеттен қаңғыбас ит пен мысықтарды аулау және жою үшін ағымдғы жылға 4709 мың теңге бөлінді. 7 айдың жоспары бойынша 3450 мың теңге игерілді. Осы қаржыға - 1380 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланып, жойылды. Атап айтқанда 794 бас ит 586 бас мысық. Бөлінген қаржы есебінен тиісті жұмыстар атқару үшін пневматикалық мылтық, фармпрепараттар, оқтар және дротиктер, жанар-жағар май, зарарсыздандыру құралдары, арнайы киім алынып және кәсіпорын мамандарының ақысын төлеуге жұмсалды.

Үй жануарларының және үй құстарының екпе жұмыстарын жүргізу, диагностикалық шараларды атқару және қаңғыбас ит пен мысықтарды аулау және жою «Балқаш қалалық ветеринариялық станция» КМК мамандарының күшімен атқарылады. Жергілікті атқару органдары бойынша Саяқ және Гүлшат кентінде ветеринариялық пункттер тиісті жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Қалалық ветстанция және ветеринарлық пункттер арнайы автокөліпен, құрал-саймандармен, жануарларға екпе жұмысын жүргізу үшін тиісті аспаптармен толықтай қамтамасыз етілген. Сондай-ақ тоңазытқыш және ұйымдастыру техникалары толықтай бар.

«Балқаш қалалық ветеринариялық станция» КМК 29 тамызда Балқаш станциясында орналасқан жаңа ғимаратқа кіріп, қоныс тойын жасады. Жаңа ғимаратта сапалы жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасалған.


Дата редактирования: 20 Қыркүйек 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх