Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

2016 жылғы атқарылған жұмыстар туралы бөлім басшысының есеп беруі

2016 жылға жұмыс жоспарына сәйкес, құрылыс бөлімі қаламыздағы бюджет есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға мониторинг жүргізеді, материалдардың сапалы болуын және құрылыс жұмыстарының кестеге сай жүруін қадағалайды, мемлекеттік сатып алуды жүргізеді, бюджеттік бағдарламаларды орындау.
Жүргізілген мемлекеттік сатып алулар айқын болу үшін, олар туралы ақпарат бөлімнің Web-сайтында орналасқан.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету реестрінде құрылыс бөлімі болмау себебінен, есепті жылда бөліммен мемлекеттік қызметтер көрсетілген жоқ.


2020 жылға дейін аумақ дамуының бағдарламасын және Балқаш қаласының жинақты даму жоспарын орындау мақсатында:
• 2016 тұрғын үй құрылысының жылдық жоспары -  9936 м2;
• 2016 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй – 5887 м2, жоспар 59,2 % орындалды;
• 2017 тұрғын үй құрылысының жылдық жоспары -  9204  м2;

2016 жылы Балқаш қаласы бойынша құрылыс жұмыстары 2,794 млрд. теңге, жоспар 99% орындалды. 2017 жылға 2,822 млрд. теңге шамасында құрылыс жұмыстары жоспарланып, Қарағанды облысының құрылыс басқармасымен келісілді.


Балқаш қаласы бойынша 01.01.2017 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаж адамдардың кезегінде 938 азамат тіркелген.
2013 жылы – 284 азамат.
2014 жылы – 397 азамат.
2015 жылы – 678 азамат.
2016 жылы – 938 азамат.
Кезектің саны үнемі өсуде. 2012 жылмен салыстырғанда, кезек 3,4 есе артты.
Тұрғын үй кезегінде тіркелген әлеуметтік жағдайлары төмен  60 азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жалдамалы (коммуналды) тұрғын үйдің құрылысын аяқтау.
2015-2017 жылдарға арналған аумақ дамуының жинақты жоспарына сәйкес: 
- Тұрғын үй кезегінде тіркелген әлеуметтік жағдайлары төмен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету  мақсатымен, 2014 жылы 10 ықшам ауданында жалдамалы-коммуналды 60-пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Жобаның сметалық құны - 452,525 млн. теңге, конкурстық құны – 437,945 млн.теңге, ғимараттың жалпы ауданы - 4409,8м², оның ішінде пәтерлердің тұрғын ауданы - 3656,8м². Қарағанды облысының құрылыс басқармасымен өткізілген конкурста мердігер ұйым анықталды: «Балқаш жібек жолы» ЖШС. 2014 жылы 89,254 млн. теңге бөлініп, игерілді (оның ішінде РБ 80,329 млн. теңге, ЖБ 8,925 млн. теңге). 2015 жылы 125,047 млн. теңге бөлініп, игерілді (оның ішінде РБ 112,542 млн. теңге, ЖБ 12,505 млн. теңге). 2016 жылы ЖБ 40,0 млн. теңге бөлініп, игерілді. Аталған тұрғын үйдің құрылысын аяқтау үшін 183,645 млн. теңге қажет. Нысанның дайындығы - 80%, монтаж және төбені жабу жұмыстары аяқталған, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, 2015 жылы 10 ықшам ауданында №20, 21    45-пәтерлі екі тұрғын үйдің жобасы дайындалған болатын. Жобаға 28.04.2015 жылы №10-0113/15 мемлекеттік сараптама қорытындысы берілді. Жобаны әзірлеуші ұйым – Қарағанды қаласының «МГТ-проект» ЖШС. Жалпы сметалық құндары - 703,015 млн. теңге болатын екі нысанның құрылысы тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі арқылы жоспарланып, Қарағанды облысының құрылыс басқармасына бюджеттік сұраным өткізілді.


«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша:

Қоңырат ықшам ауданында екі 48-пәтерлі тұрғын үйдің екі тұрғын үйді қалпына келтіру жобасы дайындалды. Жобаға 20.03.2014 жылы №10-0087/14 мемлекеттік сараптама қорытындысы берілді. Қоңырат ықшам ауданы, Русаков көшесі, №10 тұрғын үйдің сметалық құны - 162 217,158 мың теңге, ал Қоңырат ықшам ауданы, Зайцев көшесі, №18 тұрғын үйдің сметалық құны - 163 654,385 мың теңге. Осы мақсатта, Қарағанды облысының құрылыс басқармасына бюджеттік сұраным өткізілді. Жобаны әзірлеуші ұйым – Жезқазған қаласының «Дала – Центр» ЖШС.


«Жұмыспен қамту жол картасы 2020»  бағдарламасының  екінші  бағыты бойынша күн жел қуатынан электр тоғын өндіретін құрылымды орналастыруға Қарағанды облысының құрылыс басқармасына бюджеттік сұраным өткізілді. Бағдарламаның бір қатысушысына 2017 жылы жергілікті бюджеттен 3 млн.теңге бөлініп,  конкурс процедуралары жүргізілуде.

 


«Ауыл шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша:

2015 жылы мал қорымын қайта жаңарту жұмыстарының жобасы дайындалған болатын. Жобаға 30.12.2015 жылы №10-0113/15 мемлекеттік сараптама қорытындысы берілді. Жобаны әзірлеуші ұйым – Балқаш қаласының «Антика» ЖШС. Нысанның сметалық құны - 10,470 млн теңге. Осы уақытта, жабдықтаушы ұйымды анықтау үшін, конкурс процедуралары жүргізілуде.


«Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша:
  
«Нұрлы Жер»  бағдарламасы  бойынша Балқаш қаласындағы №8-13  шағын аудандарды қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен  қамтамассыз ету және  болашақта жеке тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін, алдымен техника-экономикалық негіздеме, ал оның негізінде жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажет. Бірінші кезеңде  облыстық бюджеттен 100 мың теңге бөлінді. Жабдықтаушы ұйымды анықтау мақсатымен жүргізілген конкурстың 23.11.2016 жылы қорытындысы бойынша, «Институт «Гражданпроект» ЖШС Карағанды қаласы – жеңімпаз атанды. Аталған ұйыммен 2016-2017 жылдарға 12, 544 млн.теңге шамасында техника-экономикалық негіздеме дайындау үшін келісім жасалды. 2017 жылы, екінші кезеңде  жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 47, 209 млн. теңге бөлінді.


«Балқаш қаласының
құрылыс бөлімі»   ММ басшысы                                   С. Мусин
 


 


Дата редактирования: 21 Сәуір 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх