Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Саяқ кентінің 2013 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2014 жылға арналған міндеттер

Кенттің тұрақты дамуы үшін 2013 жылдың қазан айында Саяқ кентінің 2014-2017 жылға арналған әлеуметтік- экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді, ол кент тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, әлеуметтік сала нысандарының материалдық-техникалық базасын жандандыру және  жақын аумақтарды аббаттандыру, әлеуметтік сала нысандарын бекітілген стандарттарға сәйкестендіру, коммуналдық жүйені тұрақтандыру т.б. сұрақтарды шешуге бағыттарлған.

Кенттегі жеке іс-шараларды қаржыландыру үшін арнайы шот ашылды.

Кенттің коммуналдық жеке меншігіне алу үшін қараусыз қалған нысандарды түгендеу (инветаризация) жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2014 жылы әкімдіктің коммуналдық жекеменшігіне ЖМС «Қазақмыс корпорациясынан» кеншілер мәдениет үйі мен  «Балдаурен» бала-бақшасы беріледі.

          2013 жылдың тұрғын-үй қоры:

Кент бойынша үй саны - 283, оның ішінде коттедж үйлер -279; оның ішінде пәтер саны -557, 4 көпқабатты тұрғын үй,оның ішінде пәтер саны -331.

Орталық жылу жүйесімен - 123 үй қамтамасыз етіледі  (245 пәтер) етілсе пеш жағатын -156 үй, оның ішінде 312 пәтер қараусыз қалған үйлерді коммуналдық жеке меншікке алу жұмыстары жүріп жатыр (6 тұрғын үй - № 6,10,8,12,14,15 Балқаш көшесі бойынша).

Ащыөзек бекетінің  тұрғындарының әкімшілікке берген өтініші бойынша  ауыл тұрғындарын байланыс қызметімен, электр энергиясымен және ауыз су колонкасын орнату үшін әкім аппараты КТЖ-ға хабарласты.

 Пәтерлерді жекешелендіру және тіркеуге отырғызу сұрақтары бойынша қараша айында әкімшілік мамандары мен БТИ   мамандары бекет тұрғындарымен кездесу  ұйымдастырды. 2014 жылы бекетте су құбырлары жөнделеді деген Қарағанды Теміржол су ЖШС-нен жуап алынды.

Әкімшілік жұмыстарының маңыздысы - коммуналдық шаруашылық сұрақтары болып табылады. Осы саланың негізгі міндеті - кент жылумен қамтамасыз ету және сол науқанға дайындық.

Кент бойынша коммуналдық жүйелерін жылу, сумен қамтамасыз етумен Саяқтың қамтамасыз ету учаскесі айналысады (ТВС). Осы жұмыстардың  жақсы өткізілуі себебінен, биылғы қыста көпқабатты үйлердің жертөлелері құрғақ, тұрғындардан түсетін арыз –шағымдар азайды, ыстық су және ауыз су тұрақты беріліп тұрады.

Мақтанышпен айта кететін жай: Саяқ кенішінің бас геологы Е.Р.Нәбиевтің көпжылдық еңбегі бағаланып Балқаш қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілді және  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне  орай Қарағанды облысының әкімі Б.Әбдішев Президенттің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Алға қойылған мақсат пен міндеттер болғанымен де, шешімін таппаған жұмыстар әлі де болса көп. Оларды кент тұрғындарымен біріге отырып оң нәтижеге жеткізуіміз қажет.


Дата редактирования: 20 Сәуір 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх