Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


«Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2018 жылғы атқарылған жұмыстар жөніңде есеп

"Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ экономикалық саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті орындау және қаланың коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асырады.  

Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау мақсатында жыл бойы қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының бастапқы есептері мен ақпараттарын талдау негізінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің ай сайынғы мониторингі жүзеге асырылды. 2018 жылға экономикалық өсу бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына ай сайын мониторинг жүргізілді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша экономика салалары бойынша экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша алынған жоспарлы міндеттемелер орындалды.

2018 жыл ішінде қолда бар экономикалық өсу резервтерін (нүктелерін) анықтау есебінен қаланың экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірленді. Қазақстан Республикасы мен Қарағанды облысының 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы өзгерістерге және Ұлттық экономика министрлігінің ұсынымдарына байланысты Балқаш қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы негізгі ұлттық индикаторлардың Стратегиялық картасына сәйкес келтірілді. Бағдарламада соңғы үш жылдағы ағымдағы ахуалға талдау, қаланың негізгі проблемаларына, тәуекелдерге, тежеуші факторларға, орта мерзімді перспективада қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіндіктеріне кешенді сипаттама берілген, сондай-ақ 2020 жылға дейінгі қаланы дамытудың мақсаттары мен нысаналы индикаторлары айқындалған. Бұдан басқа, Балқаш қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыруды бағалау және АДБ іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 2017 жылғы жедел есептілік қалыптастырылып, қала әкімдігінің сайтында жарияланды.

Туристік әлеуетті кешенді және толыққанды дамыту мақсатында 2019-2023 жылдарға арналған Балқаш қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары әзірленді, онда біздің өңірдің маңызды проблемалық мәселелерін шешу көзделген. Кешенді жоспардың барлық іс-шаралары блоктар бойынша бөлінген, оның негізгі бөлігін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік инфрақұрылымын, шағын бизнесті дамыту, оның ішінде туристік салада, туризм нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу, әлеуметтік саладағы МЖӘ жобаларын іске асыру, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бағыну және жер қатынастары саласындағы іс-шаралар құрайды.

2018 жылы қалалық бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаюына, бюджеттік бағдарламалар арасындағы ішкі түзетулерге, нысаналы трансферттер сомасының өзгеруіне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның резервінен шұғыл шығындарға қаражат бөлінуіне байланысты қалалық бюджеттің бес нақтылауы және төрт түзетуі жүргізілді. Өткен жылы экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару мәселелері бойынша бюджеттік комиссияның 20 отырысы өткізілді.

Жыл бойы бюджет процессі шеңберінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау бойынша, оларда көрсетілген шығыстардың басымдылығы, бюджеттік өтінімдерді талдау, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде әрбір бюджеттік бағдарламаның тиімділігін күшейту бөлігінде бір қатар жұмыстар жүргізілді. Бөлінген бюджеттік қаражатты уақтылы және сапалы игеру мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп жедел режимде проблемалы мәселелерді уақтылы анықтау және бюджетті нақтылау шеңберінде шаралар қабылдау үшін бюджет қаражатының игерілмеу тәуекелі пысықталды. Сонымен қатар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджеттік заңнаманың, коммуналдық меншіктің өзекті мәселелері, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын әзірлеу бойынша қажетті әдіснамалық көмек көрсетілді.

2018 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін тиімді өткізу мақсатында "BS CONSULTINS" ЖШС-мен бірлесіп, 70 тыңдаушыны қамтумен "2019 жылға қабылданған және алдағы өзгерістерді ескере отырып мемлекеттік сатып алу" тақырыбында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мамандары, бухгалтерлері үшін мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша көшпелі оқыту семинары ұйымдастырылды.

Мемлекеттік сатып алуды өткізудің айқындығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу жоспарын республикалық веб-порталда уақтылы орналастыру, конкурстық рәсімдерді өткізу, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерді уақтылы беру бойыншажүйелі түрде мониторинг жүргізілді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жөніндегі хабарландырулар мен конкурстардың қорытындылары баспа басылымдары және Интернет-ресурстарда жарияланды. Өткен жылы жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдармен 3333,7 млн. теңгеге 132 конкурс өткізді.

Бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігі бойынша болжамдық жоспарлар 5,7% - ға асыра орындалды. Қалалық бюджеттің түсімдер бойынша орындалуы 105,7% құрады (жоспар бойынша-4438,6 млн. теңге, түсім-4690,1 млн. теңге). Жоспардан тыс қосымша 460 млн.теңге түскен және жыл ішінде игерілмеген бюджет қаражаты қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басым және өткір мәселелерің шешуге бағытталады. Шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы 11052,1 млн. теңгені немесе жоспарға 98% құрады.

Бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалауды жүргізу мақсатында өткен жылы 2017 жылға арналған бюджеттік даму бағдарламаларының іске асырылуына бағалау жүргізілді.

2019-2021 жылдарға арналған кезекті үш жылдық кезеңге арналған қалалық бюджет әзірленді және бекітілді. 2019 жылға арналған бюджеттің жалпы көлемі 9,7 млрд.теңге сомасында қалыптасты. Бюджеттің меншікті кірістері 4 млрд. 982 млн. теңгені, нысаналы трансферттер – 1 392 млн. теңгені, субвенциялар – 3 млрд. 436 млн. теңгені құрады. Әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстардың үлес салмағы 72% (6190430 м.т.) құрады. Қалалық бюджетпен қатар Саяқ кентінің жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті әзірленді және бекітілді. Көзделген тетіктер жергілікті қоғамдастықтың мүдделерін ескере отырып, бюджет шығыстарын жоспарлауға және бақылауға мүмкіндік береді. Қабылданатын шаралар әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін қолайлы жағдай жасайды, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары жұмысының тиімділігіне, сондай-ақ басқарушылық шешімдер қабылдау процесінде халықтың рөліне ықпал ететін болады.

Ағымдағы жылы іске асыру мақсатында 2 МЖӘ жобасы әзірленді:

1) барлық жастағы тұрғындарды жүзумен айналысуға тарту, су спорты түрлерін жаңғырту мақсатында "Ақ теңіз" қалалық жүзу бассейнінің жұмыс істеуі.

2) желкенді спортты толыққанды дамыту үшін мемлекеттік спорт объектілері – су спорт станциясы және яхт-клуб (аяқталмаған құрылыс) бойынша сенімгерлік басқару шартын жасасу.

"Коммуналдық меншікке мүлік сатып алу" бюджеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы "Тоқырау-Саяқ" суағарына қызмет көрсету үшін мамандандырылған техника сатып алынды. Саяқ кентін ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету және апат салдарын жедел жою мақсатында бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 44 228,8 мың теңгеге автомастерская және экскаватор-тиегіш сатып алынды.

Экономика және қаржы бөлімі коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті орган болып табылады. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала әкімдігінің басқармасында 65 заңды тұлға бар, оның ішінде: 40 мемлекеттік мекеме, 19 жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, 4 шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, сондай-ақ қала әкімдігі мемлекеттің қатысу үлесі бар 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы болып табылады. Тізілімге сәйкес барлық активтердің баланстық құны 2018 жылдың 1 қаңтарына 13504,2 млн.теңгені құрайды. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына енгізілген өзгерістерге байланысты коммуналдық мүлікті жалға беру тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады. www.gosreestr.kz). 2018 жылы коммуналдық нысандарды жалдау бойынша  38 келісім-шарт және өтеусіз негізінде мүліктік  жалдау бойынша  27 келісім-шарт жасалынды. Есепті жылы қала бюджетіне мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден 14,2 млн.теңге түсті немесе жоспарға 112%.

Есепті жылы жекешелендіру және сенімгерлік басқаруға беру бойынша қалалық комиссияның 7 отырысы өткізілді. Қалалық коммуналдық меншіктің үш объектісін – АК-159/21 мекемесі, 6505 әскери бөлімі, Ленин көшесі, 78 бойынша тұрғын емес үй-жайды бәсекелестік ортаға беру рәсімдері өткізілді. Қалалық бюджеттің кірісіне коммуналдық мүлікті жекешелендіруден 15,6 млн.теңге түсті.

Жекешелендіру қорытындыларына мониторинг жүргізу мақсатында бөліммен бұрын сауда-саттықтан өткізілген коммуналдық меншік объектілеріне жекешелендіруден кейінгі бақылау жүргізіледі. Бәсекелестік ортаға берілген 10 коммуналдық меншік нысанының үш нысаны бойынша иелері алған міндеттемелерін орындады, 7 нысан жекешелендіруден кейінгі бақылауда.

Өткен жылы 1 нысан - "Металлург" спорт кешенінің хоккей алаңы кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілді. Сот шешімімен бір иесіз объект – Коңырат ш.а., Зайцев көшесі, 17 үй мекен-жайындағы орналасқан бұрынғы пошта ғимараты қаланың коммуналдық меншігіне қабылданды.

2018 жылдың басынан бастап республикалық меншіктен қаланың коммуналдық меншігіне бұрынғы Қазынашылықтың әкімшілік ғимараты қабылданды, жеке меншіктен қаланың коммуналдық меншігіне сыйға тарту шарты бойынша Саяқ кентінің мәрмәр өндіру жөніндегі электромастерлік ғимараты қабылданды, қайырымдылық шарты бойынша "Сары-Қазына" ЖШС жабдықталған балалар спорт алаңдары берілді. Бұрынғы қалалық "Жекпе-Жек" спорт клубының ғимараты қалалық меншіктен облыстық коммуналдық меншікке берілді.

Экономика және қаржы бөлімімен ведомствоға қарасты мекемелер бойынша баланс ұстаушымен коммуналдық меншік мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына ішінара тексеру жүргізілді, тексерумен 14 мектеп, 5 КМҚК қамтылды. Түгендеу нәтижелері бойынша бюджеттік мекемелерге анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарымдар мен ұсынымдар берілді.

2018 жыл ішінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджетті жоспарлау және атқару, коммуналдық меншікті басқару мәселелері бойынша қала әкімдігінің 54 қаулысы қабылданды.

Бұдан әрі де экономика және қаржы бөлімі стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру, басым инвестициялық жобаларды қалыптастыру, қалалық бюджетті сапалы жоспарлау және орындау, сондай-ақ коммуналдық меншікті тиімді басқару бойынша мақсатты жұмыстарды жалғастыратын болады.

 

«Балқаш қаласының экономика

және қаржы бөлімі»ММ басшысы                                                 З. Шлыкова


Дата редактирования: 17 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх