Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2018 жылғы есебі және 2019 жылға арналған жоспарлар

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  мемлекеттік қызметтің 17 түрін көрсетеді. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 7327 құрайды, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы 1190.
Қалада халықты жұмыспен қамту сұрақтары халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды қарастыратын, 2018 жылы халықты жұмыспен қамтуды жәрдемдесудің Кешенді жоспары  аясында шешіледі.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламfсын іске асыруға (әрі қарай – Бағдарлама)  2018 жылы 84,9 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 84,6 млн. теңге игерілді немесе 99,6%.
2018 жылы халықты жұмыспен қамтуды жәрдемдесудің Кешенді жоспары аясында 2971 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылады  немесе 118% (жылдық жоспар 2520 адам).
Нысаналы топтар қатарынан Бағдарлама қатысушылары:
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалар -152 адам;
- бас  бостандығынан  айыру  орындарынан  босатылған  азаматтар және пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар  - 5 адам;
- аз қамтамасыз етілген азаматтар - 9 адам;
- жастар -1433 адам;
- әйелдер -1656 адам.
Сонымен қатар, 2018 жылы белсенді жұмыспен қамту шараларымен 50 жастан асқан әйелдер қатарынан – 185  адам қамтылды. Оның ішінде:

  • 15 адам қысқа мерзімді қайта даярлау курстарынан өтті;
  • 6 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді;
  • 48 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға қатыстыі;
  • 116 адам бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету»бірінші бағыты аясында кадрларды қайта даярлауға 123 адам жоспарланып,                              25,3 млн.теңге бөлінді.
«Балқаш сервис колледжі» КММ, «Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі» КММ, «Балқаш көпсалалы колледжі» ЖМ , «Қазахмыс Корпорациясының политехникалық колледжі" ЖМ және «Каскад» ЖШС Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальды моделі элементтерімен ұйымдастырыды.
Еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшылар кадры бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 238 адам жіберілді немесе жоспардан 193,5%. Оның ішінде адам нысаналы топтар қатарынан 92 адам - жастар, 169 адам – әйелдер,  22 адам – мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, 6 адам – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар және пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар,

Оқу орны

Мамандық

Оқуға жолданғандар
(адам)

Оның ішінде оқуды аяқтағандар

1

"Казахмыс" корпорациясының Политехникалық колледжі» ЖМ

газэлектрдәнекерлеуші               (3 ай)

18

17

темір ұстасы (3 ай)

8

8

2

 «Балқаш қаласының сервис колледжі» КММ

аспазшы  (3 ай)

24

18

шаштаразшы  (3 ай)

26

24

кондитер (3 ай)

9

9

тігінші (3 ай)

33

25

3

 «Каскад» ЖШС

 «В», «С» категорияларының жүргізушілері                (2,5 ай)

40

38

4

Балқаш көпсалалы колледжі

есеп және аудит             (2 ай)

37

36

компьютерлік сауаттылық курстары (2 ай)

22

17

смета ісі (2 ай)

13

12

5

«Р.Кошкарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі» КММ

Электржөндеуші            (3 ай)

8

6

 

ИТОГО

 

238

210

Қысқа мерзімді қайта даярлау курстарын 210 адам аяқтады, оның ішінде тұрақты жұмысқа 121 адам орналастырылды немесе 57,6 %, қоғамдық жұмыстарға 4 адам немесе 2% жіберілді.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» екінші бағыты аясында «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерді оқыту курсынан 8 жұмыссыз азамат және өз ісін жаңадан бастаған 6 кәсіпкер өтті. Бизнесті кеңейтуге жалпы сомасы 16,8 млн.теңге көлемінде 2 адам микрокредит алды.
«Ауылшаруашылықты қолдаудың қаражаттық фонды» АҚ Қарағанды бөлімшесі арқылы микрокредит беру бағдарламаларын кеңейту бойынша Елбасының төртінші әлеуметтік бастамасы аясында Саяқ және Гүлшат кенттерінің 5 тұрғынына мал шаруашылығын дамыту мақсатында жалпы сомасы 16,7 млн.теңгеге микрокредиттер берілді.
Бағдарлама қатысушыларына жұмыспен қамту мақсатында «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты аясында мемлекеттік қолдау шаралары және оқыту мен жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша кеңес беріледі.
2018 жылы жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдылығымен 2486 адам өтініш білдіріп, 2044 (82,2%) адам жұмысқа орналастырылды.
Халықты жұмыспен қамтудың қолданыстағы формалары 51 жұмыссыз азаматтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға мүмкіндік берді, орта арнайы және жоғары оқу орындарының 65 түлегі жастар тәжірибесіне жолданды және 525 адам қоғамдық жұмысқа қатысты.
Сонымен қатар, «Инфрақұрылым және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамту» үшінші бағыты аясында: 2018 жылыжөндеу жұмыстарына жалпы сомасы  77120,0 мың.теңге бөлінді (қаржыландыру облыстық бюджеттен), 44 жұмыс орны ашылды, оның ішінде  халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 25 жұмыс орны құрылды. Жоспарлы көрсеткіштер 100% орындалды.  Барлық жөндеу жұмыстары аяқталды. 


30.11.2015ж. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің Бұйрығымен бекітілген мүгедектердің жұмыс орындары стандарттарының аясында, 2018 жылы есту мүмкіндігі бұзылған мүгедектердің жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, арнайы 4 жұмыс орны құрылды.
Халықты жұмыспен қамту орталығымен Электрондық еңбек биржасы порталында жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді өз бетінше қосу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары (АТЖ) жүргізілуде.
2018 жылы электрондық еңбек биржасы порталында қаланың 133 жұмыс берушілер  тіркеліп,  862 жұмыс іздеуші жұмысқа орналасты немесе тұрақты жұмыс орындарына орналасқан жалпы санынан 42,2% (2044 адам). Сонымен қатар, 501 жұмыс іздеушілер өз бетінше тіркелді немесе жоспардан 111 % (жоспар - 450 адам).
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан келіп түскен мәліметтер бойынша  бас бостандығынан айыру орындардан босатылған 10 азаматтардың үйлерін аралау жұмыстары жүргізілді. Үйлерді аралау кезінде Бағдарламаға қатысу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оның ішінде:
-3 адам жұмысқа орналастырылды (жұмыс орындарының белгіленген квотасы бойынша жұмысқа орналасқаны 1 адам);
- 1 адам өзін-өзі жұмыспен қамтылды;
- 5 адам жұмысқа орналасудан бас тарты;
2018 жылы  басынан Халықты жұмыспен қамту орталығында пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар 27 адам жүгінді, оның ішінде:  
- 9 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты;
- 1 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді;
- 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді;
- 2 адам өзін-өзі жұмыспен қамтылған;
- 6 адам Бағдарлама аясында қысқа мерзімді курстардан өтті;
- 1 адам өз бетімен жұмысқа орналасты;
- 1 адам АӘК жәрдемақысын алады;
-1 адам жұмыстан айырылу бойынша жәрдемақы;
- 5 адам ұсынылған жұмыстардан бас тартты.

Халықты жұмыспен қамтуды жәрдемдесудің белсенді шараларымен және «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті  дамыту бағдарламасы аясында азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында БАҚ-да 76 мақала жарияланды («Балқаш өңірі», «Северное Прибалхашье», «Пульс»).
Интернет ресурстарында  80 мақалалар жарияланды, «Өркен-Медиа» телеарнасында  17 сюжеттер ұйымдастырылды. Стендтерде және бөлім сайтында, «Балқаш өңірі» және «Северное Прибалхашье» газеттерінде, «фейсбук» және «инстаграм» әлеуметтік желілері арқылы 
халықты жұмыспен қамтуға қатысты ақпараттық мәліметтер орналастырылады. 42 кездесу, 10 дөңгелек үстел және 5 бос жұмыс орындар жәрмеңкелері өткізілді.
Караменде би (Казахтелеком), Ленин 16 (Астана дүкені), Ленин 46       (22 дәріхана), және Ленин-Бөкейханов қиылысында 5 билборд орнатылды.  Қала, Саяқ және Гүлшат кенттерінің тұрғындары арасында қоғамдық орындарында  (банктер, емханалар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, Қазпошта, автобекет және т.б.) ақпаратты-түсіндірме бүктемелері таратылуда.
 


Қаланың кәсіпкерлерімен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауына қатысуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізілді. «Ең үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша біздің қаламыздан «Парыз-2018» байқауына «Арыстан VIP Строй» ЖШС және «Балқаш Жібек Жолы» ЖШС қатысты. «Парыз 2018» байқауының қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен марапатталды.
2018 жылы Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жоспарына сәйкес, «Еңбек жолы» байқауының қатысушылары туралы мақалалар мен сұхбаттар телеарналар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ әкімдік пен бөлімнің интернет-беттерінде жарияланған болатын. Онлайн-дауыс берудің қорытындысы бойынша Сайыстың жеңімпаздары анықталды, олар дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Кәсіпорындарды жаңғырту кезінде босатылған қызметкерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, компания қызметкерлерінің ағынын басқару бойынша «Жол картасы 2017-2025» келісімін жасау жұмыстары атқарылды. Қалада 250-ден астам адам жұмыс істейтін - 11кәсіпорын бар, соның ішінде 9 кәсіпорынмен  (82%) келісім жасалды .

Аз қамтылған азаматтарды, Ардагарлерді, мүгедектерді әлеуметтік қолдау

2019 жылдың 1 қаңтарына дерек қорда 133 адам санымен аз қамтылған 32 отбасы тіркелген, бұл қала бойынша кедейліктің                         0,17 пайызын көрсетеді (2017ж.-  30 адам санымен 5 отбасы).


Орташа айлық табысы жан басына шаққандағы кедейлiк шегiнен төмен отбасылардың саны 4,4 есеге көбейді (барлығы 133 адам немесе 2017 жылға қарағанда 443,3 %).
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасылардың санының өсуінің негізгі факторы болып, 2018 жылдан бастап кедейлік шегінің  40 пайыздан (2017ж.1тоқсан-8291теңге; 2тоқсан-8332теңге; 3тоқсан-9054теңге; 4тоқсан-9606теңге) 50 пайызға дейін (2018ж.1тоқсан-11471теңге;2тоқсан-12422теңге;3тоқсан-14142теңге;4тоқсан-14142теңге) өсуі болып табылады.


2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап  орташа айлық табысы жан басына шаққандағы кедейлiк шегiнен төмен адамдарға (отбасыларға) ұсынылатын шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді. Әлеуметтік көмек көрсету шегі  ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40 пайыздан 50 пайызға дейін артты.


Атаулы әлеуметтік көмек 32 аз қамтылған отбасының ішінен                  133 алушыға, орташа мөлшері 3060 теңге көлемінде, жалпы сомасы 4884,0 мың.теңгеге көрсетілді.
Масылдықты болдырмау мақсатымен, шартты ақшалай көмек еңбекке қабілетті аз қамтылған азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда ғана көрсетіледі. 2018 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 9 жұмыссыз азаматтар тартылды, оның ішінде:
1 адам- қысқа мерзімдегі тігінші мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өтіп, соңынан жұмысқа орналастырылды, 3 адам- тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 2 адам- әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейді және 3 адам - қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
Бұл ретте, «Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған АӘК (шартты ақшалай көмек),  алушылардың үлес салмағы» нысаналы индикаторы  25,3 пайызды  құрады немесе жоспарлы көрсеткіштен                    3,2 пайызға артық (2018ж.жоспар-22,1%).

-Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге - 33 өтініш беруші жалпы сомасы 935,0 мың теңге, 2017 жылмен салыстырғанда (2017ж.- 35 өтініш беруші  829,1 мың теңге) өтініш берушілердің саны 2 мүгедек балаға азайды.
Өмірлік  қиын  жағдай  туындаған  кезде 94 адам  жалпы сомасы  2344,9 мың теңге әлеуметтік көмек алды (2017ж.-102 адам сомасы 2314,4 мың теңге), олардың ішінде:
-өрттiң салдарынан оның мүлкіне  жартылай зиян келтірілуіне байланысты (45АЕК) -1 адам сомасы 108,2 мың теңге;
-амбулаторлық  емделу  кезінде,  әлеуметтік  мәні  бар «туберкулез» ауруымен (10АЕК-24050тенге)  - 18 адам сомасы 432,9 мың теңге (2017ж.- 20 адам сомасы 453,8 мың теңге);
-операциядан  кейінгі  емделу  кезінде, әлеуметтік  мәні  бар  «қатерлі ісік» ауруымен (10АЕК-24050тенге)  - 68 адам сомасы 1635,4 мың теңге (2017ж.-77 адам сомасы 1747,1мың теңге);
-адамның   иммунитет   тапшылығы   вирусын   тасымалдаушы және  адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған  әлеуметтік мәні бар  ауруымен (10АЕК-24050тенге)   - 7 адам сомасы 168,4 мың теңге (2017ж.-5 адам сомасы 113,5 мың теңге).
Амбулаторлық жағдайда ем қабылдаушы 20 туберкулез ауруымен ауыратындарға (бір адамға мөлшері 4984 теңге) әлеуметтік пакет түрінде (азық-түлік және жуып шаю жабдықтары) жалпы сомасы 996,7 мың теңгеге әлеуметтік көмек түрінде қызмет көрсетілді.
-Тұрғын үй көмегі  595 адам  санымен 385 отбасыға жалпы сомасы 10500,0 мың теңгеге көрсетілді, оның ішінде ТҮО бойынша күрделі жөндеуге 24 адам санымен 18 отбасыға 188,8 мың.теңге (2017ж. - 378 отбасыға (542 адам) сомасы 8750,0 мың теңге,оның ішінде ТҮО бойынша күрделі жөндеуге 25 адам санымен 21 отбасыға 224,8 мың теңге).
Тұрғын үй көмегі төлемінің 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылда көбеюі коммуналдық қызметтер  тарифінің, оның ішінде:суық су 44,6% (538,30 теңгеден 778,18 теңгеге) мен ыстық су 1,9% (477,61 теңгеден 486,82теңгеге), кәріз қалдығы 73,1% (249,15 теңгеден 431,30 теңгеге), жылу жүйесі 4,2% (93,21 теңгеден 97,13теңгеге) және электр энергияся 9,6% (14,50 теңгеден 15,90теңгеге), қоқыстарды шығару 35,9% (114,33теңгеден 155,41теңгеге) жоғарылауына байланысты түсіндіріледі.          Алушылардың санаттары: зейнеткерлер (291адам), мүгедектер                (77адам),  18 жасқа дейінгі балалар (122адам), студенттер (19адам), жұмыс істейтіндер (43адам), 3 жасқа дейінгі бала күтімімен айналысып отырған тұлғалар (20адам), жұмыссыздар (14адам) және басқалар                      (9 адам).
2018 жылы әлеуметтік көмекті (атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге, өмірлік  қиын  жағдайға душар болғанда) алушылардың ішінде 562 әйел адам немесе барлық алушылардың  (855 адам)  65,7 пайызын құрады.
2019 жылға:
-Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 195 алушыға 7346,0 мың теңге (оның ішінде РБ-920 мың теңге);
-Үйде оқитын 40 мүгедек баланың шығындарын өтеуге – 1472,0 мың теңге;
-Тұрғын үй көмегі – 400 отбасыға 13751,0 мың теңге;
-Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек тағайындау, оның ішінде:
-азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне  табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан  зиян келтірілгенде – 429,3 мың теңге;
-амбулаторлық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «туберкулез» ауруымен 30 адамға – 757,3 мың теңге;
-операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «қатерлі ісік» ауруымен 95 адамға -2398,8 мың теңге;
-адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және  адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған  әлеуметтік мәні бар  ауруымен (6 адам) – 151,6 мың теңге.
2018 жылы мерекелік күндер мен атаулы  даталарға  азаматтардың 14 санатындағы 11372 адамға жалпы сомасы  65244,0 мың  теңгеге біржолғы  материалдық  көмек көрсетілді.
Әлеуметтік саясаттың басты бір  бағытының бірі -  мүмкіндігі шектеулі  адамдардың  мәселелерін шешу, олардың қоғамдағы жағдайын жақсарту болып табылады.
МЗТО-ның есебі бойынша Балқаш қаласында 3875 мүгедек бар,олардың  ішінде:1,2 топ мүгедектері – 2229 адам,  3 топ – 1412 адам, мүгедек-балалар -  234 адам. 2017(3672 адам, оның ішінде 1,2 топ-2042,3 топ-1396 адам, балалар-234 адам) жылмен салыстырғанда  мүгедектер саны 5,5 % -ға (203 адам)  өсті.
Жыл басынан  мүмкіндігі шектеулі азаматтар келесі оңалту бағдарламаларымен  қамтамасыз етілді:

  • протездік-ортопедтік құралдармен- 116 адам ( қамту- 72,5%);
  • сурдотехникалық  құралдармен- 32 адам (қамту- 71%);
  • тифлотехникалық  құралдармен  - 64 адам ( қамту- 44%);
  • санаторлық емге мұқтаж 79 жолдама (қамту- 48%);
  • ымдау тілі маманы мен жеке көмекшінің қызметі 107- мүгедекке ұсынылды (қамту- 100%);
  •  кресло-арбамен 18 адам ( қамту- 47%).

   Міндетті гигиеналық құралдар  тізбесінің 3 түрден 13-ке дейін  кеңеюіне байланысты жеке гигиена құралдарымен 235 мүгедек қамтамасыз етілді ( қамту- 100%).
1,2 топтағы 33 жалғыз тұратын  мүгедекке 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемелекееттік әлеуметтік жәрдемақыларына күтімге  қосымша  899,5 мың.теңгеге үстемақы төленді.
Ұлттық жоспарды жүзеге асыру аясында 2012-2018жж.аралығында мұгедектер үшін қол жетімді ортаның сақталануына түгендеу жүргізетін  жұмыс тобымен 66 нысанға әлеуметтік инфрақұрылымдарына түгендеу жүргізілді. 45 бейімдеуге жататын нысанның 33-і  бейімделді (оның ішінде 2018 жылы- 6 нысан) 2019 жылы әлеуметтік инфрақұрылымның 12 нысанына бейімдеу жүргізіледі.
2018 жылы Балқаш қаласының даму бағдарламасындағы  кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша мақсатты индикатор 100 %-ға орындалды   (жоспар -80%,факт- 81,8%).
Қалада Ұлы Отан соғысының 5 ардагері тұрады,оның  ішінде – ҰОС-ның  қатысушылары- 4адам, ҰОС-ы мүгедегі –1адам, тыл ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар – 742  адам. 
Ұлы Отан соғысы қатысушыларын мерекелік күндер мен туған күндерінде құттықтау  және олардың туындаған  мәселелерін шешу мақсатында, олар қала кәсіпорындары мен мекемелерге бекітілген.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік  қолдау мақсатында оларды  коммуналдық шығындарды төлеуден босату үшін   қала әкімі  және  коммуналдық кәсіпорындар арасында Меморандум бекітілген.
Жыл басынан  мерекелік күндерге қала әкімінің қатысуымен ҰОС-ы қатысушылары мен қаланың  қарт тұрғындарына 14 рет құрмет көрсетіліп, оларға ескерткіш сыйлық  және азық- түлік  себеттері  табыс етілді.
Жыл басынан  демеушілердің қатысуымен ұйымдастырылған  22 іс-шара барысында 878 адамға 1,0 млн. теңге көлемінде қайырымдылық акциялары   өткізілді.


2018 жылы облыстық медициналық-әлеуметтік мекемесіне 9 адам жіберілді (Қарағанды қаласы – 3 адам., Абай қаласы – 1 адам., Жезқазған қаласы – 5 адам.).
01.01.2019 жылға психоневрологиялық медициналық–әлеуметтік мекемесіне 21 адам кезекте тұр.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету қызметін 389 адам алды, оның ішінде жалғыз басты қарттар – 238 адам, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар – 151 адам

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың  6 жоба шеңберінде 461 адам жалпы сомасы 17,5 млн.теңгеге қосымша  қызмет алды. 2019 жылы осы  қызметтерді көрсетуге 20,9 млн.теңге қарастырылды.

Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнайы  әлеуметтік  қызметтерді көрсету

Жоба атауы 

2018 жыл

2019 жылға жоспар

1,2 топтағы мүгедектерге және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға көлік қызметін көрсету

274

280

«Қозғалыс белсенділігінің дәрежесі төмен жалғыз басты 1, 2 топ мүгедектеріне үйде әлеуметтік көмек көрсету

5

8

«Мен  әлемді танимын»   мүмкіндігі  шектеулі жандардың бос уақытын  ұйымдастыру  

64

70

Оңалтудың әлеуметтік-мәдени және спорттық (емдік дене шынықтыру) арқылы оқыту іс шарасын   мүмкіндігі шектеулі балалар мен он сегіз жастан асқан мүгедетерге  ұйымдастыру

65

65

Қиын жағдайға түскен адамдарға әлеуметтік бейімделу және оңалтуға арналған баспана

33

34

Туберкулез ауруымен ауыратындарға әлеуметтік көмек

20

20

Итого:

461

477

 

Комиссия жұмыстары:
2018  жылы  келесі  комиссияның отырысы өткізілді:
-1941жылғы  22 маусымнан 1945 жылғы  9 мамыр аралығында кем дегенде 6 ай жұмыс  істеген тұлғалардың жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі  арнайы  комиссияның 10 отырысында 15 адамның құжаттары қарастырылды.  
-Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық  сынақтардың салдарынан зардап  шеккен азаматтарды  тіркеу  және есепке алу  жөніндегі қалалық
арнайы комиссиясының 8 отырысында 11 азаматтың құжаты қарастырылып, оң қорытынды шығарылды;    
-өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты көрсетілетін әлеуметтік көмекке үміткер тұлғаның өтінішін қарау бойынша арнайы комиссияның               15 отырысы. Қаралған құжаттар бойынша 94 азаматқа оң қорытынды шығарылды.
- әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның 3 отырысы өткізілді. Комиссия отырыстарында Балқаш қаласының өндірістік кәсіпорындарындағы санитарлық-эпидемиологиялық заңнаманың сақталу жағдайы, міндетті зейнетақы жарналар мен әлеуметтік аударымдар көлемінің 50% -ға (90) төмендеу жағдайы, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек қатынастарын реттеу мәселелері, Балқаш қаласының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің «Парыз» республикалық конкурсына және «Еңбек шартын жасаңыздар»  республикалық акциясын іске асыру туралы сұрақтар қаралды. Сонымен қатар, Балқаш қаласы әкімінің, кәсіподақтардың (жұмысшылардың) ассоциациялары, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған қалалық келісімге толықтырулар енгізілді.
Комиссияның басты мәселелерінің бірі – жалпы құны 25,6 млн. теңгені құрайтын қалалық 3 кәсіпорынның жұмыскерлер алдындағы жалақы бойынша берешектерін өтеу. («Взрывпром 2001» ЖШС - 1,1 млн. теңге, «БАС-Балқаш 2004» ЖШС - 23,7 млн. теңге, «Монополия-ССА» ЖШС - 0,8 млн. теңге).
Комиссия жұмысының нәтижесінде, жалақы бойынша берешек сомасы 5,0 млн. теңгеге қысқарды.

  • Мүгедектер істері жөніндегі  Кеңестің 2 отырысы өткізілді,онда мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз  орта қалыптастыру, мүгедектердің қала өміріндегі мәдени және спорттық шараларға мүгедектердің қатысуы,инклюзивтік білім ортасына мүмкіндігі шектеулі балаларды тарту және мүгедектікті болдырмау және алдын-алу шараларын  өткізу туралы мәселелер қаралды.

2019 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмыс жалғастырылуда:
1) халықты нәтижелі жұмыспен қамту, жұмыс орындарын құру, еңбек нарығынын қажеттілігіне сәйкес кадр даярлау білім беру жүйесін бағдарлау, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың барлық мемлекеттік шараларын пайдалану (қоғамдық жұмыстарға жолдау, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсыну, біліктілікті арттыру мен қайта даярлау курстарына жолдау); аз қамтылған, мүгедектер мен қарт адамдарды әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз ету арқылы халықтың  осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсету саласында;
2) жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған азаматтардың кәсіптік оқыту және қайта даярлау бағдарламаларын  жетілдіру; азаматтардың еңбек және кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету; жұмыс берушілерді жаңа жұмыс орындарын құруға  және бар жұмыс орындарын сақтауға ынталандыру, оның ішінде жеке топтар үшін де;
3) бейімдеу объектілерді бойынша іс шараларды жүргізу арқылы әлеуметтік инфрақұрлымдық объектілерге мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға  кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету.

 

«Балқаш қаласының жұмыспен  қамту
және әлеуметтік    бағдарламалар бөлімі»

ММ басшысы                                                                                 Ж.Томпиева


Дата редактирования: 21 Қараша 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх