Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

«Балқаш қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің 2018 жылда атқарылған жұмыстары туралы ЕСЕБІ

Балқаш  қаласының 2017-2021 жылдарға арналған аумақ дамуының жинақты жоспарына сәйкес:

2014 жылы 10 ықшам ауданында жалдамалы-коммуналды 60-пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталып, 2017 жылы аяқталды. Жобаның сметалық құны - 452,525 млн. теңге, конкурстық құны – 437,945 млн.теңге, ғимараттың жалпы ауданы - 4409,8м², оның ішінде пәтерлердің тұрғын ауданы - 3656,8 м². Қарағанды облысының құрылыс басқармасымен өткізілген конкурста мердігер ұйым анықталды: «Балқаш жібек жолы» ЖШС. 2014 жылы 89,254 млн. теңге бөлініп, игерілді (оның ішінде РБ 80,329 млн. теңге, ЖБ 8,925 млн. теңге). 2015 жылы 125,047 млн. теңге бөлініп, игерілді (оның ішінде РБ 112,542 млн. теңге, ОБ 12,505 млн. теңге). 2016 жылы ЖБ 40,0 млн. теңге бөлініп, игерілді. 2017 жылы

аталған тұрғын үйдің құрылысын аяқтау үшін 183,645 млн. теңге бөлініп, игерілді. Пайдалануға қабылдау актісі 2017 жылы келісіліп, жедел басқару құқығымен «Балқаш қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ-нің теңгеріміне берілді.

 Сонымен бірге, 2015 жылы 10 ықшам ауданында №20, 21 тұрғын үйлердің  45-пәтерлі екі тұрғын үйдің жобасы дайындалған болатын. Жобаны әзірлеуші ұйым – Қарағанды қаласының «МГТ-проект» ЖШС. Жобаға 28.04.2015 жылы №10-0113/15 мемлекеттік сараптама қорытындысы берілді. Екі тұрғын үйдің жалпы сметалық құндары - 703,015 млн. теңге. 2017 жылы  өткізілген конкурс нәтижесі бойынша мердігер ұйым -«Жібек жолы» ЖШС анықталып, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аталған екі тұрғын үйдің (несиелі) құрылысын бастады. №21 тұрғын үйдің конкурстық құны – 337,673 млн. теңге (2017 жылы РБ 100,0 млн. теңге игерілді, 2018 жылы ОБ -99,916 млн. теңге және РБ -137,757 млн. теңге бөлінді; №20 үйдің – 330,498 млн.теңге (2017 жылы – РБ 100,0 млн.теңге игеріліп, 2018 жылға ОБ-91,528 млн. теңге және РБ-138,970 млн. теңге бөлінді).

2018 жылғы 27 қарашада №20,21 тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Осы үйлердің аумақтарын аббатандыруға жергілікті бюджеттен (ЖБ) 20 млн.теңге көлемінде қаражат бөлініп, сол бойынша жұмыстар аяқталды

Жезқазған  қаласының «Дала – Центр» ЖШС - жобаны әзірлеуші ұйым –Қоңырат ықшам ауданында екі 48-пәтерлі тұрғын үйдің екі тұрғын үйді қалпына келтіру жобасын дайындады: Қоңырат ықшам ауданы, Русаков көшесі, №10 тұрғын үйдің сметалық құны - 162, 217 млн. теңге; Қоңырат ықшам ауданы, Зайцев көшесі, №18 тұрғын үйдің сметалық құны - 163, 654 млн.  теңге. 2017 жылы ЖБ-тен осы 2 тұрғын үйді қалпына келтіруге – 17,0 млн. тенге бөлініп, өткізілген конкурста анықталған мердігер ұйым - «Atlant Building» ЖШС -мен 266, 950  млн. теңгеге келісім жасалды.

2018 жылы 343,669 млн. теңге бөлінді. Барлық бөлінген бюджеттік қаражат 100% игерілді. 2018 жылдың желтоқсан айында осы үйлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар аяқталып, үйлер пайдалануға берілді. 2018 жылы ЖБ-тен  (Қоңырат кентінің  90 жылдығына орай) осы 2-тұрғын үйді қалпына келтіруге- бұрын әзірленген жобамен қарастырылмаған тұрғын үйлердің қолайлығына, автотұрақ орындарын кеңейту, заманауи құрылыс материалдарды қолдану, спорттық және балалар ойын алаңдарын орнату,  қосымша  – 77,0 млн. теңге бөлінді.

2017 жылы 10 ықшам ауданында №18, 19  45-пәтерлі екі тұрғын үйдің жобасын әзірлеу үшін, жергілікті бюджеттен (ЖБ) 16 млн тенге бөлініп, өткізілген конкурста мердігер ұйым - Қарағанды қаласының «МГТ-проект»  ЖШС анықталып,  9 млн. теңгеге келісім жасалды. 2017 жылы  жоба әзірленіп, 2018 жылғы сәуір айында сараптаманың оң нәтижесі шығарылды.

         2016 - 2017   жылдар аралығында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша аудандарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен жеке тұрғын үй құрылысын қамтамасыз етіп, «Балқаш қаласындағы Самал №8-13 шағын аудандарды қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен  қамтамасыз ету және болашақта жеке тұрғын үй құрылысын жандандыру» жобасын әзірлеу үшін, алдымен техника-экономикалық негіздеме, ал оның негізінде жоба - сметалық құжаттаманы жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 59,7  млн. теңге бөлініп, 39,149 млн.тенге игерілді (жалпы үнемделген қаражат – 20, 551 млн.теңгені құрады):

~     Жабдықтаушы ұйымды анықтау мақсатымен жүргізілген конкурстың  қорытындысы бойынша, «Институт «Гражданпроект» ЖШС Карағанды қаласы – жеңімпаз атанды. Аталған ұйыммен 14,4 млн.теңге шамасында Самал №8-13 шағын аудандарды қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен  қамтамасыз етудің техник-экономикалық негіздемесін дайындау туралы келісім жасалды. Жобаға 17.11.2017 жылы №01-0575/17 мемлекеттік сараптама қорытындысы берілді;

~     Жабдықтаушы ұйымды анықтау мақсатымен жүргізілген конкурстың  қорытындысы бойынша, «G.T.P Gas Trans Projekt» ЖШС Астана қаласы – жеңімпаз атанды. Аталған ұйыммен 24, 749 млн.теңге шамасында «Самал №8-13 шағын аудандарды қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен  қамтамасыз ету» (бірінші кезек) жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу туралы келісім жасалды. 2017 жылы дайындалған жоба сараптама жүргізетін мекеме «Экспертное бюро» ЖШС – не тапсырылды.

Қазіргі таңда Балқаш қаласы «Самал» шағын ауданы №8-13 тұрғын үйлерінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысына» сараптама жасалды:

  • Сумен қамтамасыз ету желісіне сметалық құны –млн.теңге бөлінді. Су таратқыштың жалпы ұзындығы – 15,03 км полиэтилендік құбырлар. Бюджеттік таспсырыс берілді. Конкурстық жұмыстар аяқталып, жеткізуші  - Шымкент қ. «Жол Энерго Құрылыс» ЖШС болып анықталды.
  • сыртқы байланыс желісіне, тұрмыстық және сорғытқыш кәріз жүйесінің сметалық құны  – 785,350 млн. теңгені құрады. Кәріз желісінің жалпы ұзындығы -10,515 км, сорғытқыш кәріз -7,973 км, байланыс желісі -6,805 км құрайды. Облыстық құрылыс басқармасына  бюджеттік өтінім жіберілді.
  • ұзындығы 7,694 км құрайтын жылумен қамтамасыз ету желісіне сметалық құны – 1119,3 млн. теңгені құрады. Облыстық құрылыс басқармасына  бюджеттік өтінім жіберілді.
  • Электрмен қамтамасыз ету желісіне  жоба сараптамасы  жасалды. Ұзындығы КЛ-22,34 км, ВЛ-1,68 км, ТП-11 дана., бюджеттік тапсырыс берілді.

       Қазіргі таңда Балқаш қаласы бойынша  мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаж адамдардың кезегінде 1126 азамат тіркелген. Тұрғын үйге кезек артып келеді. 2013 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде – 284 азамат,  2014 жылы – 397 азамат; 2015 жылы – 678 азамат; 2016 жылы – 938 азамат; 2017 жылы – 1126, 2018 ж. – 1351 адам тіркелген.  Әрбір жыл сайын мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаж адамдар кезегі үнемі өсуі байқалады.

2020 жылға дейін аумақ дамуының бағдарламасын және Балқаш қаласының жинақты даму жоспарын орындау мақсатында, 2017 жылы  пайдалануға берілген тұрғын үй жылдық көлемі -  5 885 м2; 2018 жылы – 11404 м2. жоспарланды,  енгізілгені - 15984 м2; Жоспарды орындау – 140% құрады, 2017 жылмен салыстырғанда  292 % жоспар орындалған.

2017 жылы Балқаш қаласы бойынша құрылыс жұмыстары 6,22 млрд. теңге орындалу жоспарының 140% құрайды. 2018 жылға 7,551 млрд. теңге шамасында құрылыс жұмыстары жоспарланып, Қарағанды облысының құрылыс басқармасымен келісілді. 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында – 10,887 млрд. теңгеге жұмыстар атқарылды, ол 140% құрады. 2017 жылмен салыстырғанда құрылыс жұмыстарының ФКИ (физикалық көлем индексі) -175% құрады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету реестрінде құрылыс бөлімі болмау себебінен, есепті жылда бөліммен мемлекеттік қызметтер көрсетілген жоқ.

2017 жылы қала әкімінің өкімімен «Балқаш қаласының құрылыс бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалған болатын. Есепті кезеңде, бөлім жалпы сомасы 606043,8  млн.теңге болатын 8 конкурс өткізді.

Бөлімнің перспективалық жұмыс жоспары әзірленіп, Балқаш қ. әкімімен бекітілді. аталған жоспарға сәйкес, құрылыс бөлімі қаламыздағы бюджет есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға мониторинг жүргізеді, материалдардың сапалы болуын және құрылыс жұмыстарының кестеге сай жүруін қадағалайды, мемлекеттік сатып алуды жүргізеді, бюджеттік бағдарламаларды орындайды.  01.01.2019 жылға бөлімде штаттық кестеге сәйкес, бөлім басшысы, екі бас маман, бас есепші және келісім бойынша маман қызмет атқарады.

Жүргізілген мемлекеттік сатып алулар айқын болу үшін, олар туралы ақпарат бөлімнің Web-сайтында орналасқан. Балқаш қаласының құрылыс бөлімі» ММ атқарылған жұмыстары туралы есебі, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары – «Балхаш өңірі», «Северное Прибалхашье» жарияланады. Әкімнің әкім орынбасарларының аппарат басшысының барлық тапсырмалары көзделген мерзімде орындалуда.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы, Қарағанды облысының құрылыс басқармасымен келісілген Балқаш  қаласының 2017-2021 жылдарға арналған аумақ дамуының жинақты жоспары 2019 жылы да жалғасады, атап айтқанда:  

 

  •  «10 ықшам ауданында №16, 17 тұрғын үйлердің  45-пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы» нысаны бойынша әзірленген жобалық-сметалық құжаттамаға сараптама қорытындысын алу;
  • «Балқаш қаласындағы Самал ықшам ауданы №8-13 шағын аудандарды қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен  қамтамасыз ету және дамыту» нысаны бойынша әзірленген жоба-сметалық құжаттаманы іске асыру (1-ші кезең);
  • «10 ықшам ауданында 45 пәтерлі №18,19 тұрғын үйлердің  құрылысы» нысаны бойынша әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманы іске асыру.

 

 

 

«Балқаш қаласының

құрылыс бөлімі»   ММ басшысы                                            С. Мусин


Дата редактирования: 22 Тамыз 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх