Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


"Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 41-1, 41-2 баптары негізінде және бөлімнің Ережесіне сәйкес "Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ қызметкерлері келесі функцияларын жүзеге асырады:

 Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінің сақталуын, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңі мен кезектілігін техникалық тексеруді ұйымдастыру және бақылау. Сондай-ақ қызмет көрсетушілер мен тұтынушылар арасында құқықтық қарым-қатынасты ретке келтіру, халыққа сапалы коммуналдық қызмет көрсетуді бақылау.

Жоғарыда баяндалғандарға сәйкес тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлері құрылыс конструкцияларының техникалық жай-күйін тексеру және қаланың тұрғын үйлерін түгендеу бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша 112 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап ететін үйлер анықталды. Сондай-ақ, Балқаш ст.16, 58 үй, Қараменде би көшесі №10 үй және Сейфуллин көшесі №33 үй мекен-жайларында орналасқан 4 үй бойынша құрылыс конструкцияларының жай-күйі бойынша лицензияланған ұйымды тарта отырып, сараптамалық қорытынды алуға қажеттілік бар.

Осыған байланысты тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлері осы үйлердің тұрғындарымен Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу және кондоминиум объектілерін күтіп ұстау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 60 жиын өткізілді. Кондоминиум төрағаларына және пәтер иелеріне жазбаша ескерту хаттары берілді.

2018 жылы қала бюджетінен төтенше жағдайлар бойынша қаулыға сәйкес Қараменде би көшесі №10 үй және Сейфуллин көшесі №33 үй мекен-жайларында орналасқан 2 үй бойынша 6,5 млн.теңге сомаға сараптама жүргізуге қаражат бөлу туралы мәселе қаралып, пәтер иелері тарапынан жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі көрсетілген сараптамалық қорытынды алынды.

2018 жылға арналған жиналыстардың жасалған және бекітілген кестесіне сәйкес бөлім қызметкерлері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелері, "ТКШ-2020 жаңғырту" мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру, қала аумағын және үй маңындағы аумақтарды абаттандыру және қала тұрғындарының басқа да мәселелері бойынша қала тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2018 жылы "ТКШ жаңғырту-2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайтарымды сома есебінен Сейфуллин көшесіндегі №36 "а" үйіне 29 млн.теңгеге жөндеу жүргізілді.

Жөндеу жұмыстарын жасауды талап ететін 15 үй дайындалды, қазіргі уақытта "Қарағанды облысы бойынша ТКШ жаңғырту орталығы"ЖШС филиалында қарастырылуда.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлері "Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ бірлесіп, кондоминиум нысандарын тіркеу бойынша жұмыстар жүргізді. Қала бойынша 582 үйдің 485-і әділет органдарында тіркелген. 2018 жылы қала бюджетінен 60 үйді тіркеуге 2 378 мың теңге бөлінді(Қоңырат м.а.-56 үй және Балқаш станциясы-4 үй). Аталған жұмысты тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қатысуымен "Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ жүргізді.

Бекітілген кестеге сәйкес, жергілікті полиция қызметінің инспекторларымен бірлесіп, тұрғындар арасында подъездерде бейне камералар, домофон орнату, сұйытылған газды пайдалану қауіпсіздігі, аулаларды абаттандыру элементтерін күтіп ұстау және пайдалану бойынша 45 жиын өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Шашубай м.а. №13, 6 м.а. № 1, м.а.Жидебай батыр №1 үйлерінде жалпы саны 10 бейнебақылау камералары бар.  

Бөлімнің Ережесіне сәйкес бөлім қызметкерлері 2017-2018 ж.ж. жылыту маусымының өтуіне және сервистік ұйымдардың қызмет көрсету туралы келісімнің шарттарының орындаулына бақылау жүргізді (ПИК, ЖШС, ЖК).

"Су Жылу Транс" КМК, қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлерімен бірлесіп, инженерлік желілерге, коммуникацияларға және жабдықтарға тексеру жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар мен ескертулер бойынша фотоматериалдары бар актілер және осы бұзушылықтардың жойылуына бақылау жасалды.

Жылыту маусымын дайындау және өткізу ережесіне сәйкес апта сайын қала әкімінің және жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарының төрағалық етуімен штаб өткізілді, онда коммуналдық сала бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері "Су Жылу Транс" КМК, "Балхаш Су" КМК, "Балхашэнерго" КМК коммуналдық кәсіпорындарымен ПИК арасында туындайтын проблемалық мәселелерді және тұрғын үйлерге және жеке секторға ыстық, суық су және электр энергиясын беруді түсіндіру бойынша тығыз жұмыс істейді. Ушыққан мәселелер туындаған пәтерлерге кіру мүмкіндігі болмаған жағдайларда бөлім қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірге есіктерді ашуға дейін жұмыстар жүргізеді. 2018 жылы ПИК-пен бірге тұрғындардың өтініші бойынша 45-ке жуық пәтер тексеріліп, анықталған бұзушылықтар мен ескертулер бойынша фотоматериалдары бар актілер толтырылып, осы бұзушылықтардың жойылуына бақылау жасалды.

Жыл басынан бастап бөліммен қала тұрғындарынан келіп түскен 90 өтініш қаралып, ондағы көрсетілген тәртіп бұзушылықтар бойынша мерзімінде және сипаты бойынша ескертулер берілді. Сонымен қатар ұсыныстар мен түсініктемелер берілді.

Сервистік ұйымдардың ережелеріне сәйкес тұрғын үй инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен тұрғындармен ПИК, ЖШС, ЖК 8 есеп беру кездесуі өткізілді. Есептік кездесулер барысында кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ жылыту маусымын өткізу мәселелері айтылды. Және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес пәтер иелеріне түсініктемелер берілді.

Тұрғын үй мәселелері жөніндегі инспекторлар лауазымдық нұсқауға және жиындардың, рейдтік тексерулердің бекітілген кестесіне сәйкес және күзгі және көктемгі екі айлық шеңберінде қалалық және жеке меншік секторды санитарлық тазалау, абаттандыру бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жергілікті полиция қызметінің инспекторларымен және санитарлық қызмет өкілдерімен бірлесіп жүргізді.

Рейдтік тексерулердің нәтижелері бойынша жергілікті полиция қызметінің инспекторларымен бірге ҚР ӘҚБтК 505-бабын көркейту ережелеріне сәйкес 25 ескерту хаттамаларын, 36 санитарлық жағдайын бұзу туралы хаттамаларды және 30 ауызша ескертулерді ресімдеді.

Жыл сайын күзгі және көктемгі екі айлық аясында қала тұрғындарының назарын халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және тұрғын үй қорын ұстау үшін Балқаш қаласының 80-жылдығын мерекелеу аясында "Балқаш қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі" ММ бірлесіп "Үлгілі аула", "Үздік кіреберіс", "Үздік ПИК (ЖШС, ЖК) – қызмет көрсетуші ұйым" байқаулары өткізіліп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында конкурстар өткізу туралы мақалалар жарияланып, конкурс жеңімпаздары қала бюджетінен бөлінген қаражат есебінен грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Тұрғын үй мәселелері жөніндегі инспекторлар тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығы, жертөле жайларының жағдайы, инженерлік кәріз құдықтарының жағдайы бойынша бақылау жүргізді және ашық құдықтардың саны анықталды.

Тұрғындармен олардың өтініштері бойынша және тіршілікті қамтамасыз етудің барлық мәселелері бойынша жұмыстар, коммуналдық қызметтер үшін борышкерлермен жұмыс, аулалардағы абаттандыру элементтерінің жағдайын тексеру, қаланың суару жүйесінің және үй маңындағы аумақтардағы жағдайы, жеке тұрғын үйлерді түгендеу, контейнерлік алаңдардағы қоқыстардың жай-күйі және жинау, жасыл желектерді кесу және жасарту, жеке сектордағы арамшөптерді шабу бойынша жұмыстар үнемі жүргізілді.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жалға алынған пәтерлерде және мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдау шарты бойынша алынған пәтерлерде тұрғындардың тұру фактісі бойынша, бос тұрған және иесіз пәтерлерді анықтау бойынша, сондай-ақ меншік иелерінің пәтерлерін жалға беру бойынша жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар бойынша ақпарат "Балқаш қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі" ММ-не және "Балқаш қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы"ММ-не ұсынылды.

Тұрғындармен электр энергиясының шығындарын төлеу бойынша, жеке секторда және гараж массивтерінде контейнерлерді орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, ШОБ субъектілерінің абаттандыру төлқұжаттарын тексеру, қызмет көрсету ұйымдарымен бірлесіп кондоминиум төрағаларын нақтылау және қайта сайлау бойынша жұмыстар жүргізілді. ПИК жүргізетін үйдің маңайындағы аумақтардағы ағаштарды кесу бойынша бақылау.

Тұрғын үй инспекциясы тұрғын үйлерді, үй маңындағы аумақтарды ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады,сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, тұрғын үйлерді және үй маңындағы аумақтарды пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар мен азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.

2019 жылға "Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ бөлім жоспарын құрастырып, жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарымен бекітіліп, алдағы уақытта қала әкімінің және жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларына сәйкес жұмыстар жалғастырылатын болады.       

Тұрғын үйлердің техникалық жағдайын тексеру және кондоминиум объектілерін түгендеу. Жылыту маусымына дайындығын және өтуін бақылау. Жалға алынған пәтерлерде халықтың тұруын түгендеу және тексеру, кондоминиум объектілерін тіркеу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және үй маңындағы аумақтарды жинау және абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылау. Кестеге сәйкес жиындарды өткізу. ПИК, ЖШС, ЖК қызметін және жөндеу жұмыстарын жүргізуді бақылау. Халықтың өтініштерін қарау және басқа да жұмыстарды атқару жоспарланған.       

 

 

«Балқаш қаласының тұрғын

үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы                          Балапанов С.


Дата редактирования: 19 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх