Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

Балқаш қаласының мәдениет бөлімі «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, «Тілдер орталығы» КММ, «Балқаш қаласының тарихи-өлкетану музейі» КМҚК, «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК, «Саңыраулар клубы» КМҚК, Саяқ және Гүлшат кенті клубтарынан тұрады.

  Мәдени мекемеде 48 клуб құрамы жұмыс істейді, оның ішінде      2 ұжым: «Живая память» халықтық ардагерлер хоры және «Ветерок» үлгілі би ансамблі - «Халықтық» және «Үлгілі» атағына ие. 2018 жылы жаңадан ашылған үйірмелер: «Арлан» хореографиялық ұлдар тобы «Жүргізуші және ойын-сауықшылар студиясы», «Сиқырлы қыл қалам» бейнелеу өнері үйірмесі, «Колибри» вокалды-аспапты ансамблі, «Күй керуені» екінші домбыра үйрететін үйірме, «Арабеск» би ұжымы «Ветерок» үлгілі би  ансамбліне қосылды.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «РУХАНИ ҚАЗЫНА» БАҒДАРЛАМАСЫ бойынша М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында жергілікті суретшілер галереясы ашылды.

  Шығармашылыққа қолайлы жағдай жасау үшін М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 2018 жылы ағымдық жөндеу жұмыстары 56 1401,0 мың теңгені құраса, 2019 жылға 143 814,0 мың теңге бөлінді.

  2018 жылы қаланың мәдени-сауық мекемелерінде әр түрлі жас және әлеуметтік топтар үшін 176 мың адамнан аса қамтылған 313 мәдени-көпшілік ісшаралар өткізілді. Бұл ісшаралар мемлекеттік, мерейтой және атаулы күндерге арналған, сонымен қатар бұл шаралар «Рухани жаңғыру», тіл, жастар саясатын және мәдениетті насихаттауға бағытталған. Басты шара Астананың 20-жылдығына орай ұйымдастырылды.

  «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана, А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасы және 7 кітапхана филиалдарынан тұрады. 2018 жылғы оқырмандар саны 20508 адамды құрады, кітап беру саны –  421054 дана, кітапханаға бару саны -136302 адам. 2018 жылдың аяғында Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жалпы саны 308360 данадан тұратын кітап қоры, оның ішінде қазақ тілінде 86707 дананы құрайды. 2018 жылы жергілікті бюджеттің кітаптарына 4338,7 мың теңге, мерзімдік басылымға-3000,0 мың теңге бөлінді. Есеп беру кезеңінде 8074,2 мың теңгеге екі кітапханаға ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кітапхана жүйесінде электронды каталог бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2018 жылдың соңында библиографиялық жазбалардың саны 46976-ды құрады. Өлкетану басылымдары бойынша жұмыстар жалғасуда,  2018 жылдың соңында олардың саны-187 дананы құрады.  Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 10809 адамның қатысуымен   227 ісшара ұйымдастырылды.  Оқырмандарды тарту мақсатында келесі жаңа қызмет түрлері енгізілуде: мобильдік ОКЖ (орталықтандырылған кітапхана жүйесі)  қосымшасы, блог пен сайты, Орталық кітапханада  COWORKING – орталығы ашылды, ОКЖ-нің әлеуметтік желісінде апта сайын кітаптарды ұсынумен //bookstagram, //bookshelf, //букфейс хэштегімен апта сайын рубрикалар жүргізіледі, «Білім көзі» атты кітап жүйесі құрылды,   «Айдындағы өрнектер» эбру сурет салу көрмесі, Инстаграм желісінде «Сүйікті кітабыммен селфи» акциясы, «Литературный автобус», «Библиотакси» акциялары,  «Менің сүйікті кітабым» Bookdating,  «Кітап- асыл қазына» атты флешмоб-акциясы,    «Приглашаем в Книжкин дом» библиосейшн және басқа да ісшаралар өткізілді. ОКЖ «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға үлкен назар аударады, оның шеңберінде 2018 жылы «Кітапханадағы бір күн»,  «Кітап сыйлау күні» акциялары,  «Город, рожденный в степях Прибалхашья» брейн-рингі және 6 жергілікті ақын, журналистердің  шығармашылық кеші өткізілді.

Балқаш қаласының тарихи-өлкетану музейінің жалпы қоры 48331 бірлікті құрады. 2018 жылы музейдің негізгі қоры 400 экспонатқа толықты.  Есептік кезең аралығында барлығы: 67 көрме, 554 экскурсия, 49  дәріс, 64  кеңес өткізілді. 2018 жылы келушілердің жалпы саны 42,4 мың адамға жетті.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ойдағыдай жүзеге асырылуына байланысты қаламызда мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 85%, орыс тілін меңгеру үлесі 84%, ағылшын тілін меңгеру 21%, үш тілді меңгергендер үлесі 14%, құрады.  2018 жылы тілдер саясатына жергілікті бюджеттен  24121,0 мың теңге бөлінді. 2018 жылы қазақ тілі курсында  260 адам, ағылшын тілі курсында  175 адам оқытылды. Сонынмен қатар, осы жылы сәуір айынан бастап «Возрождение» этно-мәдени орталығының 15 адамына алғашқы рет  (неміс тілі) бойынша сабақтар өткізілді.

2018 жылы үштілділікті насихаттау мақсатында 3000 адамды қамтыған 12 іс-шара өтті.

Мемлекеттік тілдің мазмұны бұқаралық ақпарат құралдарында 50% құрайды, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ол 68% болуы тиіс. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін 2019 жылдан бастап «Достар» журналын мемлекеттік тілде 80%-ға  дейін шығару жоспарланып отыр. «Тілдер орталығы» КММ-нің бекітілген жоспарына сәйкес «Үштілділік» жобасы бойынша «Балқаш ТВ» телеарнасы арқылы жылына 24 бейнесабақ, «Өркен Медиа» телеарнасы арқылы бейнероликтер жарияланады. Қала тұрғындарын жаңа әліпбимен таныстыру барысында 2018 жылдың қаңтар айында «Северное Прибалхашье» газетінде «Читаем, изучаем» айдарында 48 тақырыптық жинақ сөзі жарияланса, и   «Балқаш өңірі» газетінде «Оқиық, үйренейік» атты айдарында қазақ тілінде 48 тақырыптық жинақ сөздер кириллица және латын қарпінде басып шығарылды.


Дата редактирования: 25 Тамыз 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх