Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Балқаш қаласының әкімі А.М.Аглиулиннің 2015 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2016 жылға қойылған міндеттері туралы есебі

Құрметті балқаштықтар!

 

Өткен жылдың маңызды оқиғалары - ол барлық деңгейлі әкімдер мен барша атқарушы билік органдарының  алдына нақты ұзақ мерзімді басымдылықтары белгіленген және міндеттері айқындалған  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдаулары болды.

Еліміздің Президенті Н.А.Назарбаевтың осы бағдарламалық құжаттардағы барлық бастамалары әр қазақстандықтың сенімін ақтап, мемлекеттің алдында жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қойылған міндеттерді орындау мақсатында Балқаш қаласының әкімдігі өткен жылы экономиканың тұрақты өсуіне, әлеуметтік-экономикалық жаңартуға, қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға және әлеуметтік қорғалмаған жандарды қолдауға бағытталған мәселелерге басты назар аударды.

Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен қарқынды дамуының қамтамасыз етілуіне күш салынды.

Өнеркәсіптік өндірістің көлемі 255,7 млрд. теңгені құрады.Ауыл шаруашылықта 482,8 млн. теңгеге жалпы өнім өндірілді. Қала экономикасына 19,6 млрд. теңге инвестиция тартылды. 

Индустриализация картасы 4 жобасының 3-еуі жүзеге асырылып,  жалпы 15,2 млрд. теңге инвестиция  көлемінде жоспарлы қуаттылыққа шықты. Бұл – мыс өндіретін  «Сары-Қазына»-«Қоңырат Мыс Компаниясы» ЖШС, темір концентратын өндіретін «ІСС» ЖШС, гранит бұйымдарын өндіретін «Недра-Балхаш» ЖШС.

Аяқталуы ағымдағы жылға жоспарланған «Сары-Қазына» ЖШС катодтымыс өндіретін зауыт қуаттылығын арттыру бойынша жұмыстар басталды.

 Өз Жолдауында Елбасы жергілікті атқарушы органдардың алдына шағын және орта бизнесті, іскери белсенділікті қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыру жөнінде міндет қойды.

Осы мақсатта қаламызда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шеңберінде бірқатар шаралар іске асырылған.

Бұл: 10 жылға 6 пайыздық мөлшерлемемен бизнесті несилеу, он пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, қайтарымсыз гранттар ұсыну, бизнес нысандарына инфрақұрылымдар жүргізу.

Қаламыздың кәсіпкерлері осы бағыттағы мемлекеттің тікелей қамқорлығын сезінуде: Моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың 3 жылы ішінде 1 млрд. теңгеге экономиканың әр саласындағы 13 жобаға  көмек қаржы беріліп, жас кәсіпкерлерге 14 грант бөлінді.

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырудың арқасында бетон өнімдерін өндіру, тұрғын үй құрылысы, қонақүй индустриясы нарығын дамыту, автокөлік жолдарын  қалпына келтіру және салу бойынша өндіріс модернизациясы, сонымен қатар қоғамдық тамақтану, көліктік және басқа да халыққа қызмет көрсету салаларында 300-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылды.

Бүгінгі күні қаламызда 4 614 белсенді шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді, экономиканың осы  саласындағы қамтылғандардың саны 12 мың адамнан асады, бұл экономикалық белсенді қала тұрғындарының 30 пайызы. Шағын және орта бизнес нысандарының атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтерінің жалпы өнімі 14 млрд.теңгеге жетерлік қаржыны құрады.

Экономикаға өз үлесін қаламыздың аграрлық секторы да қосты.

Қаламыздың аграрлық секторының алдына қойылған негізгі міндеттер -  қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүргізу, жануарлардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларына қарсы ветеринариялық шараларды ұйымдастыру, ауылшаруашылық жануарларын түгендеуді жүргізу, өз өнімдерін өсіруде және іске асыруда саяжайларға, бақша учаскелеріне және жеке қосалқы шаруашылықтарға көмек көрсету болып табылады.

Ерекше бақылауға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының көтерілуіне жол бермеу сұрағы алынған.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік  тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында қаламызда Ақтоғай ауданы тауар өндірушілерінің және қаламыздың көтерме жеткізушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу арқылы сауда интервенциясын іске асыру жолы сияқты бірқатар шаралар қабылданған. Өткен жылы 38 жәрмеңке ұйымдастырылып, нарық бағасынан 15-20%-ға төмен бағамен 756,8 млн. теңге сомасына өнім сатылған.

Жыл сайынғы өз Жолдауында «Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар болуы керек», - дей отырып, Президент болашақ - аграрлық сектордағы, ең бастысы шағын және орта бизнес формасында,  жаңа өңдеуші кәсіпорындар жүйесін құруда екенін атап өтті.

Гүлшат кентінде тамшылай суару жаңа технологиясы қолдана отырылып, көкөністерді өсіру жобасы табысты жүзеге  асырылуда.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында аймақта 11 шаруа қожалығы құрылып, көлемі 4300 га жер телімі бөлінген.

Қала бюджеті. Қала бюджетінің кіріс бөлігі 100,4%-ға орындалды.Есептік кезеңде жергілікті қазынаға 4 млрд. 234 млн. теңге түсті. Мемлекеттік бюджетке кіріс қарқыны 9%-ға өсті.

Бюджетке қосымша түсім бойынша жылдық жоспарлы тапсырма орындалды. Бюджет шығыны100% орындалды.  

Жаңа  үшжылдыққа әлеуметтік бағыты сақталған нақты бюджет қалыптастырылды. Бюджетті қалыптастыру барысында бюджет саясаты басымдылықтарына сәйкес Елбасы тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар, депутаттардың ұсыныстары, қала тұрғындарының, соның ішінде қала және кент әкімдерінің есептік кездесулеріндегі өтініштер, ескертулер мен ұсыныстар есепке алынды.

Қалалық коммуналдық  мүлікті орынды және тиімді басқару мақсатында мемлекеттік активтердің толық тізбесін құру бойынша  жұмыстар атқарылды.  

Бәсекеге қабілетті ортаға мемлекеттік мүлік нысандарын беру бойынша 2 тендер жүргізілді.

Қаланың тіршілігін қамтамасыз етудегі басты сұрақтар: қаланы жылумен, сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауға алынған.

2015-2016 жылдарға жылу беру кезеңіне дайындық және өткізу шеңберінде ұзындығы 8,9 км жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 6,7 мың м. құбыр желісін оқшаулау бойынша жұмыстар жасалды, 2 км-ге жуық магистральді құбыр желісі, 6,9 км орамдық және ішкі орамдық құбыр желісі ауыстырылды.

Қоңырат мөлтек ауданындағы қазандықта 2 қазанға бу режиміне алмастыра отырып, күрделі жөндеу жүргізілді.

«Қуат үнемдеу - 2020» бағдарламасы аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі жылу және электрқуатын есепке алу құрылғыларын орнату болып табылады.  «Су Жылу Транс» КМК күшімен 505 жалпыүйлік жылу қуатын есепке алу құрылғысы орнатылды. «Балқашэнерго» КМК-мен 273 жалпыүйлік электрқуатын есепке алу құрылғысы қойылды. Барлығы 620 жалпыүйлік электрқуатын есепке алу құрылғысын орнату жоспарланған.

 Аталмыш іс-шараларды жүзеге асыру жылу және электрқуаты шығындарын біршама қысқартуға мүмкіндік береді.

   

«2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы» шеңберінде Көл жағалауы  көркейтіліп, 8 аула аумағы абаттандырылды.

 «2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңарту» бағдарламасы аясында 22 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстарының жеке түрлері бойынша жөндеулер жүргізілді. Күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде тұрғын үйлерде жылу қолданысын үнемдеу орта шамамен 15%-ға жетті.

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы заманауи құрылыс материалдары қолданылған, жайлылығы жетілдірілген  45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Аяқталуы 2016 жылға жоспарланған 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жалғастырылуда. Қаламызда 2 (10 шағынаудан  №20,21)  45 пәтерлі  тұрғын үйдің құрылысына ЖСҚ дайындалған. Бұл шараларды іске асыру мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу кезегінде тұрғандар санының қысқаруын қамтамасыз етеді.

ХХІ ғасырдағы дамыған мемлекет – ол белсенді, білімді және дендері сау азаматтар. Сол себепті қала әкімдігімен есептік кезеңде әлеуметтік салаға басым назар аударылды.

Білім беру жүйесінде сапалы білім беру  - басты мақсат.

Мектепке дейінгі сапалы білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету білімді дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып болып табылады. 2015 жылы екі жастан алты жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 94,6%-ды құрады.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерге кезекте  824 бала тіркелген. Мектепке дейінгі мекемедегі орындарға тапшылықты төмендету мақсатында 2015 жылы 320 орынды  балабақшасының құрылысы аяқталды, оны пайдалануға беру 2016 жылдың І-тоқсанына жоспарланған. Сонымен қатар «Қазақмыс» корпорациясының 9 балабақшасын қаланың коммуналдық меншігіне тапсыру бойынша жұмыстар аяқталды, нәтижесінде орындарды оңтайландыру есебінен тағы да қосымша 270 орын ашылып, кезекті 554 балаға дейін қысқартуға мүмкіндік болды.

Қазақстандық білім беруді модернизациялаудың қажетті шарты  -  педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру  және қазіргі уақыт талабына сай  педагогикалық корпусты қалыптастыру  болып табылады. Осы бағытта «Назарбаев Интеллектуалды мектебі», «Өрлеу» АҚ оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып, соңғы екі жыл ішінде қала мектептерінің 150 мұғалімі оқумен қамтылды.

Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптерінің бірі ретінде жұмысқа қабілетті тұрғындарды аймақ экономикасына тарту болып саналады.

2015 жылы қаламызда 2620 адам жұмысқа орналасты. Жұмысқа орналасқандардың үлесі  жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өтініш білдіргендер санының 95%-ын құрайды.

13 кәсіпорында 56 түлек үшін Жастар практикасы ұйымдастырылған.

106 жұмыссыз  автомеханик, токарь, құрылысшы, темір шебері-жөндеуші, электргазбендәнекерлеуші мамандықтары бойынша кәсіби оқудан өтті.

Мақсатты топтардағы тұлғалар үшін 49 әлеуметтік жұмыс орны құрылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері Балқаш қаласы бойынша 2158 адам жұмыспен қамтуға көмек көрсетудің белсенді шараларымен қамтылды.

Бағдарламаны жүзеге асыруға 2015 жылы 71 млн.теңге бағытталды.

«Инфрақұрылым мен  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағыт шеңберінде 2015 жылы 1 жоба – «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КМК ғимаратын бейімдеу іске асырылды.

 «Кәсіпкерлікті дамыту және тірек селоларды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру»  атты екінші бағыт аясында Бағдарламаның 8 қатысушысына несиелеуге және кәсіпкерліктің негізі бойынша оқуға 24,4 млн. теңге бөлінді. Есептік кезеңде 9 адам мал шаруашылығын дамытуға жалпы сомасы 24,0 млн. теңге болатын шағын несие алды. Сонымен қатар несие алушылармен 12 жаңа жұмыс орны құрылған.

Қосымша қайта инвестициялау қаражаты есебінен 2 адам жалпы сомасы 6,0 млн. теңге  болатын шағын несие алды.

«Жұмыс берушінің сұранымы шеңберінде оқыту мен қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» атты үшінші бағыт аясында 36 әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылып, жастар практикасына 31 түлек, кәсіби оқуға 35 адам бағытталды. 

Қала бойынша орташа еңбекақы 4,6%-ға өсіп, 104 762 теңгені құрады, соның ішінде өндірісте – 121 605 теңге болып, 9%-ға өсті.

2015 жылдың аяғында жалдамалы жұмысшылар санының өсу қарқыны 103,1%-ды құрды (2015 жылы – 24 428 адам, 2014 жылы – 23 705 адам).

Еліміздің әлеуметтік-демографиялық тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 ж.ж. арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бесінші жыл жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін 30-ға жуық денсаулық мекемелері, соның ішінде орталық қалалық аурухана, түберкүлезге қарсы диспансер, үш емхана, Саяқ кентінің жергілікті учаскелік ауруханасы және 4 облыс ұйымдарының бөлімшесі (психоневрологиялық, наркологиялық, ЖИТС, СӨС) тартылды.

Түберкүлез ауруына шалдыққандардың саны 11,4%-ға төмендеп, түберкүлезден мерт болғандардың саны 12,6 %-ға түсті. АИВ  инфекциясының таралуына жол бермеу 15-49 жас аралығындағы топта есептік кезеңде -0,068%, яғни облыстық көрсеткіш 0,330% болғанда, мақсатты индикатор шеңберінде  тұр.

 «Мемлекеттің, жұмыс берушілер және жұмысшының өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілігі – медициналық қызмет көрсету жүйесінің басты принципі. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, үнемі профилактикалық тексерістен өту – бұл аурудың алдын алудың негізі», - деп Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен болатын. Біздің әрқайсымыз өз денсаулығымызды күтуіміз қажет, біздің денсаулығымыз медициналық қызмет көрсетуге тек 20%-ға ғана тәуелді, ал қалған 80%-ы - бұл біздің  салауатты өмір салтын ұстануымызға қатысты.

Сол себепті, қаланың әр еңбек ұжымында және елді мекендерінде аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде кең түрде түсіндіру жұмыстары бойынша мақсатты іс-шаралар жүргізу қажет.

Бұл үшін қаламызда барлық жағдайлар, соның ішінде дене шынықтыру және спортпен айналысуға да барлық мүмкіндіктер жасалған.

Қаламызда спорттың 27 түрі насихатталады. Спорт жабдықтарының саны соңғы үш жылда 140-тан 161-ге өсті.

Есептік кезеңде  спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны 23171 адамды құрады, бұл жалпы  қала тұрғындарының 29,3%-ы.

Соның ішінде жалпы білім беру мекемелерінде – 4860, орта-арнаулы оқу орындарында – 2150, кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде – 9867, балалар- жасөспірімдер және спорт клубтарында – 5200, БЖСМ – 560. Бұл нәтижеге корттар мен спорт алаңдарын салу есебінен қол жеткіздік. 

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, дене шынықтыратын спорт клубтарында  дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын  7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен  жасөспірімдердің  қамтылу   саны    жалпы балалар мен жасөспірімдер санының 16,5%-ын құрайды.

Мемлекеттік тіл – рухани және ұлттық бірліктің басты факторы. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – Қазақстанда мекендейтін барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің кең көлемде қолданылуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.

«Тілдің үш тұғырлығы» жобасы шеңберінде мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту ұйымдастырылған. 2015 жылы мемлекеттік тіл бойынша 238 адам, ағылшын тілі бойынша 194 адам қамтылып, мемлекеттік тілден 231 адам, ағылшын тілінен 171 адам сертификатқа ие болды.

Ағымдағы жылы курс тыңдаушылары облыстық “Тіл – тұнық ойдың кәусары”, «Мемлекеттік тіл - болашағым» т.б. облыстық байқауларға қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»,  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауларын, «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында белсенді жұмыстар өз жалғасын табуда.

Еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, мәдени және денсаулық сақтау мекемелерінде, әскери бөлімдерде, коммуналдық саланың өндірістік алаңдары мен шағын және орта бизнес салаларында ақпараттық-насихаттаушы топтармен 91-ден астам кездесу ұйымдастырылып, республикалық және облыстық АНТ жұмысымен 29800-ге тарта адам қамтылды.

Балқаш қаласында 26 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Үкіметтік емес секторда өткен жылы 56 млн. теңгеге 18 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылды.

Қала аумағында 70-тен астам этнос өкілдері тұрады, 14 конфессия, 4 этно-мәдени бірлестік (неміс, корей, славян, татар-башқұрт орталықтары) бар.

14 діни бірлестік өз қызметін жүзеге асырады.

Қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау мәселесі де назардан тыс қалмайды. Бұған үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, жастар қозғалысымен үнемі өзара жұмыс істеу мүмкіндік туғызады.

 Қоғамдық тәртіп. 2015 жылы жүргізілген жұмыс нәтижесіне сәйкес қылмыстың төмендеуі бойынша жағымды үрдіс байқалады. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасау саны 19,5%-ға төмендеген.

Полицияға тұрақты түрде көмек көрсету үшін қаламыздың белсенді тұрғындарының ішінен ерікті түрде  қоғамдық көмекшілер институтын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, 8 учаскелік полиция бекеттері жанынан құрылған  Қоғамдық кеңес отырыстары ұйымдастырылды.

Қала  тұрғындарына күзет дабылдамасын орнату, кіру есіктері мен терезелерін нығайту, өз меншіктері мен мүліктерін міндетті түрде сақтандыру арқылы қауіпсіздікке қастандық жасау фактілерінің алдын алу және болдырмау шараларын қабылдау бойынша өздерінің белсенділігін арттыру қажет екендігіне назар салу қажет.

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету – бүгінгі таңда мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Мұны осы сұрақты реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануы растайды. Бұдан бұрын мемлекеттік қызмет көрсетулер мемлекеттік органдармен құзіреттері шегінде өз беттерінше жүзеге асырылып, сол кезеңдегі қызметтер тұрақты түрде мониторинг, қызмет  көрсетілген тұлғалардың бағасы мен пікірлері нәтижесінде бақыланса, 2014 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы» Заңының 23 бабы 5 тармағына сәйкес, атқарушы органдар жыл сайын «электронды үкімет» веб-порталында, интернет-ресустарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында өткен жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетулер саласындағы жұмысының нәтижесі туралы есепті орналастырады, қызметтердің көрсетілу сапасын қоғамдық ұйымдар бағалайды.

 

 Сонымен қатар «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңның 23 бабы, 6 тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізеді. Барлық мүдделі тараптардың қатысуымен өтетін жария талқылауларын жүргізу  мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын, транспаренттілігін және әйгілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар 2014 жылы 58 қызмет көрсетсе, жаңа Тізілімге сәйкес 2015 жылы қала бойынша 8 мемлекеттік органмен 70 мемлекеттік қызмет көрсетіледі,

Сыбайлас жемқорлық  құқықбұзушылығы  үшін жағдайларды болдырмау,  қызмет беруші мен қызмет алушының байланысын мейлінше азайту мақсатында қала тұрғындары арасында қызметті ХҚКО мен Электрондық үкімет порталы арқылы алуды түсіндіру және насихаттау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге, мемлекеттік органдармен  рұқсаттар мен лицензия беруге қажетті ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, 2015 жылы БАҚ-та 27 мақала жарияланып, 5 іс-шара ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көрсеткіштерді жақсарту туралы жұмыс жоспарларының, мемлекеттік орган қызметтерінің тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша берілген тапсырмалардың  орындалуын талап ету  өзінің жағымды нәтижелерін берді. 

Қазіргі уақытта ХҚКО-дан электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) алған азамат үйден шықпай-ақ: мекенжай, зейнетақы қоры туралы анықтамаларды алу, балабақша кезегіне тұру, туу туралы куәлікті алу, некені тіркеу және басқа да көптеген қызметтерді ала алады.

Әкімдіктің және оның дербес бөлімдерінің ресми интернет-ресурстарында жергілікті атқарушы органдармен жүргізілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат үнемі қызмет алушылырға жеткізіледі.

 

Құрметті жерлестер!

 

Дағдарыс жағдайына қарамастан, ешбір  әлеуметтік төлемдер қысқартылмайды.  Тұрақты жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру қоғамдық ақылы жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды оқыту және қайта оқыту, жеке ісін ашуға материалдық көмек көрсету арқылы өз жалғасын табады. Қала тұрғындарының сәйкесінше өмір сүру деңгейін қолдау үшін аз қамтылған азаматтарға жәрдемақы мен көмек түрлері тағайындалады.

2016 жылдан бастап қаламызда әлеуметтік шарт негізінде аз қамтылған отбасыларға ақшалай көмек көрсететін «Өрлеу» жобасы жүзеге асырылмақ.  Келісілген ақшалай көмек еңбекке жарамды отбасы мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға беріледі. Оның принципі - әрбір еңбекке жарамды отбасы мүшесі мемлекеттен жаңа келісілген ақшалай көмекті ала отырып, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы тиіс.

Осы мақсатқа 17 адамды қамтитын 4 отбасына жергілікті бюджет есебінен 508,0 мың теңге қарастырылды.

2016 жылы Балқаш қаласын дамыту мен «Жұмыспен қамтудың  жол картасы - 2020» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде қоғамдық жұмыстармен 610 адамды қамту, 48 әлеуметтік жұмыс орнын және 35 түлек үшін жастар практикасын ұйымдастыру арқылы қала  тұрғындарын жұмыспен қамтуға көмек көрсету жоспарланып отыр.  Тұрақты жұмыс орындарға шамамен 2 мыңға жуық адамды орналастыру жоспарланған.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы кем дегенде 10 жобаны, екінші дәрежелі банктерде несилеу бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 6 жобаны, гранттар беру бойынша 4 жобаны  қолдау, сонымен қатар 200 жаңа жұмыс орнын  құру жоспарлануда.

 

Құрметті балқаштықтар!

2016 жыл Қазақстан Республикасының 25 жылдығымен және бірқатар маңызды оқиғалармен ерекшеленеді. Маңызды даталар тізбегі құрылып, Тәуелсіздік құндылықтарын және 2016 жылдың айтулы күндерін насихаттайтын іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар Президент  Әкімшілігінің Тұжырымдамасына сәйкес Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін насихаттайтын әр айға белгіленген эгида аясында жүргізіледі.

Маңызды шаралардың бірі  - Елбасымен белгіленген Тәуелсіздік құндылықтары мен басымдықтарын және бірлікті, еліміз үшін мақтаныш сезімін нығайтатын жалпыұлттық «Мәңгілік ел» патриоттық идеясын қоғам санасына бекіту болып табылады.

Құрметпен Балқаш қаласының әкімі   А.М. Аглиулин


Дата редактирования: 20 Сәуір 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх