Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Хабарландыру

26.03.2020

Балқаштықтар мемлекеттік қызметтерді тек онлайн алатын болады


Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды.  Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді.

Балқаштықтарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты арқылы алуға болады.        

ХҚО-ның ең тәжірибелі деген және арнайы оқудан өткен 1800-ден астам қызметкері 1414 байланыс орталығының кеңес берушілерімен бірге азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу бойынша көмек көрсететін болады.

Бір уақытта байланыс орталығының мамандары мыңнан астам азаматқа кеңес бере алады деп жоспарлануда. Байланыс орталықтары дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Бұдан бөлек, Азаматтарға арналған үкіметтің 200-ден астам қызметкері бейнеқоңырау арқылы қызмет алушыларды мобильді азаматтар базасында тіркейтін болады.

         Бұл ретте, 21 наурызға дейін өтініш беріп үлгерген азаматтар қызметтердің дайын нәтижесін өзі өтініш берген ХҚО-ның құжат беру секторынан алып кете алады. Автомобильді қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырған автокөлік иелері дайын құжаттар мен нөмірлерді өз қалаларындағы мамандандырылған ХҚО-дан ала алады, онда да дайын құжаттарды беру терезесі жұмыс істейтін болады.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарға барлық санитарлық талаптарды орындап, үйден шықпауға кеңес береді және керекті мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырады.

Жақындарыңыз бен өзіңізді қорғаңыз! 

 



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

12°
В Балхаше: облачно, Влажность 56%, Давление 713, ветер 8 м/с

Валюта курстары

USD 448.52
Euro 490.32
Рубль 5.69

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх