Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Хабарландыру

25.03.2020

Қала кәсіпкелеріне азаматтық белсенділіктері үшін алғыс айтты


Азаматтарымыздың денсаулығын қорғау мақсатында бүгінгі күні қорғанудың алдын - алу шаралары күшейтілген, соның ішінде сауда нысандарының, ресторан, кафелердің жұмыс уақыттары қысқартылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кіші және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіледі. Кәсіпкерлер уақытша енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарайтынына сенімдімін. Әр азаматтың жауапкершілігі осындай қиын-қыстау жағдайда көрінеді. Бүгінгі қиын уақытта мүмкіндігі шектеулі адамдар, аз қамтылғын отбасылар және халықтың басқа әлсіз топтары көмекке зәру. Бұл мақсатта "Nur Otan" партиясының төрағасы, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 18 наурыздан бастап «Біз біргеміз!» республикалық акциясы басталды. Оған өзінің үлесін қосу үшін қаламыздың кәсіпкерлер Одағының төрағасы А.О. Аларин Елбасы бастамасын қолдау жөніндегі челленджді бастады, оны қаламыздың кәсіпкерлері З.М. Абдыкаримова, А.К. Муслымов, А.Л. Сокульский және басқалар, сондай-ақ К.Т. Рахимберлина басқарған қалалық қоғамдық кеңес мүшелері қолдады.
Қалалық мәслихат депутаты, меценат, волонтер С.Т. Қасымбеков өзі белсенді көмектесе отырып, қаланың барлық кәсіпкерлерін мүмкіндігі шектеулі адамдарды, көп балалы және аз қамтылғын отбасыларын қолдауға үндеу жариялады.
Қала кәсіпкелеріне осы азаматтық белсенділіктері және жоғары әлеуметтік жауапкершілігі үшін алғыс айтамын.



Кері қайту

Ауа райы

11°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 52%, Давление 716, ветер 4 м/с

Валюта курстары

USD 443.50
Euro 479.47
Рубль 5.79

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх