Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Хабарландыру

08.11.2019

Үлестік құрылыс шартын жасау кезінде алданып қалмаудың амалдары


Шарт жасаспас бұрын мына жәйттерге назар аудару қажет:

  • Құрылыс салушы, уәкілетті компания және мердігер туралы негізгі мәліметтер (атауы, заңды мекенжайы, еңбек тәжірибесі, тұрғын үйлер құрылысы бойынша іске асырылған жобалары);
  • Жер учаскесіне құқығын растайтын құжаттарының бар болуы. Бұл жер учаскесін сатып алу-сату немесе жалдау шарттары болуы мүмкін;
  • «Кепілдендірілген тұрғын үй құрылысы қоры» АҚ-пен жасалған кепілдік беру туралы, және «Кепілдендірілген тұрғын үй құрылысы қоры» АҚ кепілдіктерін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу ұйымдастырылған жағдайда оның негізгі талаптары туралы шарттың болуы;
  • екінші деңгейлі банктің жобаға қатысуы тәсілімен немесе тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу ұйымдастырылған жағдайда үлескерлердің ақшасын тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатының болуы.

Егер компания Сізге, Сіз сұратқан ақпаратты бермесе, Сіз жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылысыз.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуымен байланысты тараптардың құқықтық қатынастары, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартпен ресімделеді.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жазбаша нысанда жасалады және ол тұрғын үй орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органда есепке қойылған кезден бастап жасалды деп саналады (Заңның 11-бабының 1-тармағы).

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгі нысаны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі №345 бұйрығымен бекітілген.

Заңның 3-бабының 2-тармағына сәйкес тұрғын үйлердің құрылысы үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады. Заң талаптарын бұзып жасалған, жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту жөніндегі мәміле, жарамсыз деп танылады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың мәтінінде мынадай жәйттерге назар аудару қажет:

  • Шарттың мәні: пәтердің алаңы, блок (кіреберіс), пәтердің шартты нөмірі, тұрғын үйдің атауы, объектінің орналасқан жері (мекенжайы), объектіні тапсыру мерзімі, пәтердің жоспары;
  • Пәтердің құны (бір шаршы метрге) және төлем кестесі;
  • Уәкілетті компания мен үлескердің құқықтары мен міндеттері;
  • Үлесті қабылдау-тапсырудың тәртібі мен мерзімдері;
  • Еңсерілмейтін күш мән-жайлары;
  • Тараптардың жауапкершілігі.


Бұл мақала Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ресми интернет-ресурсынан көшірілді (сілтеме http://prokuror.gov.kz/kaz/7-kenes-ulestik-kurylys-shartyn-zhasau-kezinde-aldanyp-kalmaudyn-amaldary)



Кері қайту

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 29%, Давление 724, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 388.70
Euro 428.70
Рубль 6.08

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх