Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Хабарландыру

29.08.2019

Ядролық жарылыс салдарынан зардап шеккен 3 мыңдай адамға өтемақы тағайындалды


29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Қазақстанда ядролық сынақтар 40 жыл бойы жүргізілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл басынан бері Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы бойынша 2924 төлем тағайындады. Зардап шеккендерге берілетін өтемақы мөлшері радиациялық қауіп аймақтарына қарай бөлінеді. 

Аталған біржолғы өтемақыны алу үшін сынақ салдарынан зардап шеккен аймақта тұрғандар тіркеуден өтіп, тиісті куәлік алуы тиіс. Бұл үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгіну қажет. Қызметті алу үшін азаматтар өтініш жазып, төл құжат көшірмесін, мекенжай анықтамасын, банктегі шотының нөмірін, сондай-ақ 1949-1990 жж. ядролық сынақтар өткен аймақта тұру фактісін растайтын құжаттарын өткізеді. 

Айта кетейік, 2019 жылдың алғашқы алты айында Семей полигонынан зардап шекті дегендерге 5,7 мың куәлік берілді.

 

 



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

19°
В Балхаше: малооблачно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 386.71
Euro 429.17
Рубль 6.02

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх