Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk

Балқаш қаласының 80 жылдығына орай

Балқаш қаласының 80 жылдығына орай "Балқаш саған арнаймын" атты қалалық фотографшылар байқауының
Ережесі


1. Жалпы ереже:
1.1. Осы ереже "Балқаш саған арнаймын" атты қалалық фотографшылар байқауының (бұдан әрі- Байқау) мақсатын және міндеттерін, өткізу тәртіптері мен шарттарын және қаржыландыру көзін анықтайды.
1.2. Байқау қаланың 80 жылдығын мерекелеуге арналған;
1.3. Байқаудың үйлестірушісі: «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Байқаудың ұйымдастырушылары: «Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК.

2. Мақсаты мен міндеттері
2.1 Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді және белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу; 
2.2  Сурет өнерінің дамуын насихаттау;
2.3.Дарынды балаларды және жастарды анықтау және қолдау;

3. Өтінім беру және байқауды өткізу мерзімі
3.1. Байқау 2017 жылдың сәуір айында өткізіледі;
3.2. Байқауға қатысу үшін өтінім беру уақыты – 2017 жылдың 30 наурызына дейін.
3.3. Фотографшылар байқауының нәтижесі 2017 жылдың 11 сәуірінде жарияланады.

4. Байқау шарттары
4.1. Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылмайды;
4.1 Байқауға Балқаш қаласына арналған авторлық жұмыстар қабылданады, байқау қатысушысына тиесілі емес жұмыстар қабылданбайды;
4.2  Жұмыстарды бағалау үш номинация бойынша жүргізіледі:
1. "Фоторепортаж" әр түрлі кезеңдердегі қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсететін 8-15 дана көлемінде фотосуретттер жіберуі керек.
2. "Көркем сурет". Бұл қала келбетінің, пейзаждар, натюрморттың, балқаштықтардың портреттері, атаулы оқиғалар сәттерінің фотосуреттері болуы мүмкін. Байқауға қатысу үшін кем дегенде 10 фотосурет болуы тиіс.
3. Арнайы номинация – "Көрермендер көзайымы".
4.4. Фотожұмыстар түрлі-түсті және ақ-қара түсті болуы мүмкін; Суреттер  қағаз тасығышта және электронды JPEG форматта беріледі.
4.5. Қатысушылар өтінімдері мен жұмыстарын ««Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК 2017 жылдың 30 наурызына дейін төмендегідей түрде беруі тиіс:
 

№ Аты-жөні Туған жылы, айы, күні Жұмыс не оқу орны Жұмысының аты және жасалған уақыты Номинация (ережеге сәйкес) Байланыс телефоны
     


5. Байқаудың ұйымдастыру комитеті:
5.1. Байқауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды құрамына кәсіби фотосуретшілер, мұғалімдер, мәдениет және өнер қайраткерлері кіретін қазылық ету қызметі бар ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады;
5.2 Ұйымдастыру комитеті талдау жасайды, бағалайды, ұздіктерді анықтайды және байқау жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады;
5.3 Ұйымдастыру комитеті қосымша номинациялармен арнайы сыйлықтар беруге құқылы.
6. Марапаттау
Сыйақы қорын байқауды ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Қазылар алқасының мүшелері байқау қортындысы бойынша жүлделі орындарды анықтайды. Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша ерекше сапалы жұмыстар көрсеткен қатысушыларға арнайы дипломдар табысталуы мүмкін. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар туралы ақпарат БАҚ беріледі.

7. Қатысушылардың өтінімдері мен жұмыстары мына мекенжайда
қабылданады:
Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі 12, «Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК. Байланыс телефоны: 6-59-70


Дата редактирования: 22 Қыркүйек 2017

Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх