Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk

Қаланың 80 жылдығына арналған «Балқашым, саған арнаймын!» атты ақындар байқауының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже
1.1. Осы ереже «Балқашым, саған арнаймын!» жергілікті ақындар байқауының (бұдан әрі- Байқау) мақсатын және міндеттерін, өткізу тәртіптері мен шарттарын және қаржыландыру көзін анықтайды.
1.2. Байқау қаланың 80 жылдығын мерекелеуге арналған;
1.3. Байқаудың үйлестірушісі: «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту           бөлімі» ММ
Байқаудың ұйымдастырушысы: «Балқаш қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ.
2. Мақсаты мен міндеттері:
2.1. Жергілікті ақындардың өнерлерін насихаттау;
2.2. Туған қаласына деген сүйіспеншілігін поэзия арқылы білдіртуге мүмкіндік беру;
2.3. Қала тұрғындарының  шығармашылық белсенділігін қолдау.

3. Байқауды өткізу және өтінімдерді қабылдау мерзімі:
3.1. Байқау 2017 жылдың сәуір айында өткізіледі;
3.2. Байқауға қатысу өтінімдері 2017 жылдың 30 наурызына дейін қабылданады.

4. Байқау шарттары:
4.1. Байқау жас ерекшелігі бойынша бірнеше кезеңмен отеді:
1 кезең – 12 жастан 17 жасқа дейін
2 кезең – 18-ден 35 жасқа дейін
3 кезең – 36 жастан жоғары .
4.2. байқауға тақырып бойынша авторлық жұмыстар қабылданады;
4.3. байқауға қатысушыға тиесілі емес жұмыстарды пайдалануға тыйым салынады;
4.4. өлеңдер Балқаш қаласына, Балқаш көліне және туған жерге арналуы керек;
4.5. байқауға барлық үміткерлер қатыса алады;
4.6. байқауға қатысушылар өз шығармаларын жатқа білуі керек;
4.7. қазылар алқасы қатысушыларды  бағалау кезінде ескеретін болады:
-      поэзияның түрлі техникасын пайдалануын, ой жүйелілігі мен көркем-әдеби тәсілін;
-      тақырыбының  мазмұндылығын;
-      мәнерлеп оқуын;
-      орындау сапасы, айтылуы  және тіл тазалығын;
-      сахналық мәдениетін;
-      ұсынылған жұмыс мазмұнының бірегейлігін.
4.8. Қатысушылар өтінімдері мен шығармаларын 30 наурызына дейін төмендегі үлгіде  С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханаға тапсырулары қажет:

 

Т.А.Ә.

Туған жылы

Жұмыс және оқу орны

Шығарма тақырыбы

Байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

                         

5. Байқаудың ұйымдастыру комитеті:
6.1. Байқаудың ұйымдастыру жұмыстарын Байқаудың Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасымен жүзеге асырады;
6.2. Ұйымдастыру комитеті талдайды, бағалайды жүлдегерлерді айқындайды және байқау жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады;
6.3. Ұйымдастыру комитеті қосымша номинациялар беруге, арнайы сыйлықтармен марапаттауға  құқылы.

6. Марапаттау:
Жүлде қорын ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ерекше өнер көрсеткен қатысушыға Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша арнайы диплом табысталады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар туралы мәлімет  БАҚ жарияланады.

7. Байқауға қатысуға сұраныстар мына мекен-жай, электронды пошта арқылы қабылданады:
Балқаш қ., Калмыков т/к, 3, С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана
№1 кабинет (Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы)
Байл. тел.: 8(71036) 75026
е-mail: cbss@list.ru


Дата редактирования: 24 Шілде 2017

Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх