Акимат города Балхаш Ресми сайт
poisk

«Менің сүйікті қалам» бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже
1.1. Осы ереже «Менің сүйікті қалам» бейнероликтар байқауының (бұдан әрі- Байқау) мақсатын және міндеттерін, өткізу тәртіптері мен шарттарын және қаржыландыру көзін анықтайды.
1.2. Байқау Балқаш қаласының 80-жылдығына орай өткізіледі;
1.3. Байқауды ұйымдастырушылар: «Балқаш қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ және «Өркен media» телеарнасы.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Қаланы сүюге және патриот болуға тәрбиелеу.
2.2. Қала тұрғындарының тематикалық бейнероликтерді түсіру дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қызметінің позитивтік бағытын насихаттау;
2.3. Жастарды медиашығармашылыққа еліктіру және назарын аудару.
2.4. Бейнеролик авторлары куәгер болған қызықты және күлкілі оқиғалар туралы ақпаратты тарату.
2.5. Ой-өрісін кеңейту, байқампаздықты, эстетикалық талғамды, қойылған талаптарды шешуде шығармашылық тәсілдемені қолдануды дамыту.

3. Өтінім беру және байқауды өткізу мерзімі

3.1. Байқау 2017 жылдың қыркүйек айында өткізіледі;
3.2.Байқауға қатысу үшін өтінім беру уақыты – 2017 жылдың 30 тамызына дейін.

4. Байқау шарттары
4.1 Байқауға Балқаш қаласының кез-келген тұрғыны қатыса алады. Жұмыс тек жеке түрде ғана емес, ұжымдық түрде болуы мүмкін.
4.2 Байқауға қатысу үшін байқаудың мақсаты мен міндетінде қойылған талаптарға сәйкес бейнеролик дайындау қажет.
4.3 Байқауға тек берілген тақырыптағы авторлық жұмыстар қабылданады, байқау қатысушысына тиесілі емес жұмыстар қабылданбайды.
4.4 Байқаудың қазылар мүшесі қатысушыларды бағалау кезінде ескереді:
- Бейнероликтің байқау тақырыбына сәйкес келуі;
- Шығармашылық жаңалық;
- Ерекшелік;
- Бейнеәсердің, дыбыспен сүйемелдеудің болуы;
- Жалпы эмоциялық қабылдануы.
4.5. Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына автордың өзі (қатысушы ұжым) жауап береді.
4.6. Автор байқауға жіберген жұмыстарын автоматты түрде ұйымдастырушыларға қолдануға құқық береді (интернет желісіне, телебағдарламаларға жариялау, шығармашылық жобаларға қатысу және т.б.).
4.7. Бейнероликтер қаланың ЛЭД-экрандарында және әлеуметтік желілердің танымал пабликтерінде көрсетіледі.
4.8. Қатысушылар өтінімдері мен бейнероликтерін «Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2017 жылдың 30 тамызына дейін төмендегідей түрде беруі тиіс:

Аты-жөні

Туған жылы, айы, күні

Жұмыс немесе оқу орны

Бейнеролик атауы

Байланыс телефондары

 

 

 

 

 

 

 

5. Байқауды ұйымдастыру комитеті
5.1. Байқауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды қазылық ету қызметі бар ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады;
5.2 Ұйымдастыру комитеті талдау жасайды, бағалайды, ұздіктерді анықтайды және байқау жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады, қорытындыны «Өркен- media» ЖШС редакторлары шығарады;
5.3 Ұйымдастыру комитеті қосымша номинациялармен арнайы сыйлықтар беруге құқылы.

6. Марапаттау

Сыйақы қорын байқауды ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша ерекше сапалы жұмыстар көрсеткен қатысушыларға арнайы дипломдар табысталуы мүмкін. Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар туралы ақпарат БАҚ беріледі.

7. Қатысушылардың өтінімдері мен жұмыстары мына мекенжайда қабылданады:
Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3, «Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ.
Байланыс телефоны: 8(71036) 41920


Дата редактирования: 26 Мамыр 2017

Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх