Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk

Балқаш қаласының 80 жылдығына орай «Балқаш саған арнаймын» музыкалық шығармалар байқауының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже
1.1. Осы ереже «Балқаш саған арнаймын» музыкалық шығармалар (бұдан әрі- Байқау) мақсатын және міндеттерін, өткізу тәртіптері мен шарттарын және қаржыландыру көзін анықтайды;
1.2. Байқау Балқаш қаласының 80-жылдығына орай өткізіледі;
1.3. Байқаудың үйлестірушісі «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді бөлімі» ММ.
Байқауды ұйымдастырушы: «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Жас ұрпаққа жергілікті сазгерлердің әнін насихаттап, одан әрі дамыту;
2.2. Өскелең ұрпақтың бойында туған қаласына деген патриоттық және мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
2.3. Жаңа таланттарды табу және олардың вокалдық шеберліктерін дамыту.

3. Өтінім беру және байқауды өткізу мерзімі

3.1. Байқау 2017 жылдың сәуір айында өткізіледі;
3.2. Байқауға қатысу үшін өтінім беру уақыты – 2017 жылдың 31 наурызына дейін.

4. Байқау шарттары
4.1 Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылмайды;
4.2 Әрбір байқауға қатысушыдан Балқаш қаласына, туған өлкеге, оның тарихына деген сүйіспеншілік тақырыбындағы бір музыкалық шығарма қабылданады;
4.3 Байқауға тек берілген тақырыптағы авторлық жұмыстар қабылданады, байқау қатысушысына тиесілі емес жұмыстар қабылданбайды;
4.4. Байқаудың қазылар мүшесі қатысушыларды бағалау кезінде төмендегілерді ескереді:
- музыкалық шығарма мазмұнының сапасы; ..
- орындау шеберлігі; .
- сахна мәдениеті; .
- сахналық келбеті.
4.5. Қатысушылар өтінімдері мен шығармаларын толық көлемде (нотасы, сөзі) «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК 2017 жылдың 31 наурызына дейін төмендегідей түрде беруі тиіс:

№ Аты-жөні Туған жылы, айы, күні Жұмыс немесе оқу орны Шығарма атауы Байланыс телефондары

5. Байқауды өткізу күні мен орны

Байқау 2017 жылдың сәуір айында М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының үлкен залында өтеді.

6. Байқауды ұйымдастыру комитеті
6.1. Байқауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды қазылық ету қызметі бар ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады;
6.2 Ұйымдастыру комитеті талдау жасайды, бағалайды, ұздіктерді анықтайды және байқау жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады;
6.3 Ұйымдастыру комитеті қосымша номинациялармен арнайы сыйлықтар беруге құқылы.

7. Марапаттау
Сыйақы қорын байқауды ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Қазылар алқасының мүшелері байқау қортындысы бойынша жүлделі орындарды анықтайды. Бас жүлде, I, II, III орын. Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша ерекше сапалы жұмыстар көрсеткен қатысушыларға арнайы дипломдар табысталуы мүмкін. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар туралы ақпарат БАҚ беріледі.

8. Қатысушылардың өтінімдері мен жұмыстары мына мекенжайда қабылданады:

Балқаш қаласы, Ленин көшесі,32. «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК. Байланыс телефоны: 4 90-66, факс 4 57-94


Дата редактирования: 21 Қараша 2017

Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх