Акимат города Балхаш Ресми сайт
poisk

Балқаш қаласының 80-жылдығына арналған, «Пәтер иелері кооперативінің үздігі» байқауының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

1.1. Осы ереже «Пәтер иелері кооперативінің үздігі» байқауының  (бұдан әрі- Байқау) мақсатын және міндеттерін, өткізу тәртіптері мен шарттарын және қаржыландыру көзін анықтайды.
1.2. Байқау Балқаш қаласының 80-жылдығына орай өткізіледі.
1.3. Байқау тұрғын үйлерді қалыпты ұстау және ауланы абаттандыру бойынша кооператив, ЖШС, ЖК қызметтерінің үлгі боларлық істерін анықтауға және көрсетуге бағытталған.
1.4. Байқауды ұйымдастырушы: «Балқаш қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ.

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Осы бағыт бойынша ынталандыру, жұмысты жандандыру, тұрғын үйді пайдалану және қалыпты ұстау бойынша тұрғындар мен кооператив, ЖШС, ЖК мекемелер бастамаларына қолдау көрсету және жүзеге асыру;
2.2. Тұрғындар мен кооператив, ЖШС, ЖК мекемелердің аулаларды абаттандыру бойынша бастамаларына қолайлы жағдай жасау.

3. Өтінім беру және байқауды өткізу мерзімі
3.1. Байқау 2017 жылдың 10 қазанынан 2017 жылдың 17 наурызына дейін өткізіледі;
3.2.Байқау қортындысы 2017 жылдың сәуір айында шығарылады.

4. Байқау шарттары

4.1. Байқау «Пәтер иелері кооперативінің үздігі» номинациясы бойынша өткізіледі, байқауға кооперативтер, ЖШС, ЖК қатыса алады.
4.2. Бағалау жұмысы төмендегі көрсеткіштер арқылы анықталады:

Көрсеткіш

Максималды бағалау (балл)

1

Тұрғындармен жұмыс (өтініш, арыздардың қарастырылуы)

10

2

Кооператив, ЖШС, ЖК мекемелерінің тұрғындар алдындағы есебі (кооператив мүшелері жиналысының өткізілу мерзімінің сақталуы, тұрғын үйлердің қалпын жақсарту бойынша жүргізілетін жұмыстар және жұмыстар туралы коорператив мүшелерін хабардар ету). Ревизиялық комиссияның жұмысы.

10

3

Тұрғын үйлердің қысқы маусымдық кезеңге дайындықтары, өтуі. (жылу жүйесін тазалау және тексеру, үйдің ішкі желілерін жылулау, терезелерді қаптау).

10

4

Үйлердің ішкі инженерлік құбырларының және құрылыс конструкцияларының жағдайы (жылу, суық су, ыстық су, кәріз құбырлары т.б)

10

5

Тұрғындардың өз есебінен тұрғын үйлерге күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша ат салысуы. Мемлекеттік «Жаңғырту ТКШ - 2020» бағдарламасына қатысуы.

10

6

Аулалардың  және онда орналасқан құрылғылардың жағдайы (шағын сәулет құрылысының, спорт ауласының және кір жайғыштардың болуы).

10

7

Ауладағы және кіреберістегі жарық шамдарының болуы.

5

8

Кіреберіс, шатыр және жертөлелердің жағдайы.

5

9

Жертөле және кіреберіс есіктерінің болуы.

5

10

Аулаларды көгалдандыру (шөптерді жұлу, талдарды кесу, суландыру).

5

11

Құжаттардың болуы және жүргізілу сапасы.

5

12

Өрт сөндіру құралдарының болуы және жағдайы.

5

13

Хабарландыру тақтайшалары, пошта жәшіктері және т.б.

5

14

Тұрғын үйлердің атаулары мен нөмірлерінің болуы және жағдайы

5

4.3. Байқау қаланың шағын аудандары бойынша өткізіледі.
4.4. Байқау қортындысы және жеңімпаздарды бағалау көрсеткіштері арқылы жоғарғы балдық есеп бойынша анықталады.
4.5. Қатысушылар өтінімдер мен байқау материалдарын 2017 жылдың 31 наурызына дейін «Балқаш қаласының ТКШ, Жк және АЖ бөлімі» ММ өткізуі тиіс.

5. Байқауды ұйымдастыру комитеті

5.1 Байқауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды қазылық ету қызметі бар ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады;
5.2 Ұйымдастыру комитеті талдау жасайды, бағалайды, ұздіктерді анықтайды және байқау жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады;
5.3 Ұйымдастыру комитеті қосымша номинациялармен арнайы сыйлықтар беруге құқылы.4. Марапаттау

Сыйақы қорын байқауды ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша ерекше сапалы жұмыстар көрсеткен қатысушыларға арнайы дипломдар табысталуы мүмкін. Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар туралы ақпарат БАҚ беріледі.

8. Қатысушылардың өтінімдері мен жұмыстары мына мекенжайда қабылданады:

Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5, «Балқаш қаласы ТКШ, ЖТ және АЖ» ММ


Дата редактирования: 28 Мамыр 2017

Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх