Акимат города Балхаш Ресми сайт
poisk

Балқаш қаласының мерейтойлық логотипына ашық байқау өткізу туралы ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ереже

1.1. Ең жақсы логотипқа ашық байқау өткізу туралы осы Ереже байқаудың мақсаттары мен тапсырмаларын, қатысу шарттарын, көрсетілген байқау жұмыстар талаптарын, бағалау өлшемдерін, байқауды өткізу тәртібін, жеңімпаздарды марапаттау тәртібін анықтайды және байқау іс-шаралары аяқталғанша әрекет етеді.

  1. Байқау мақсаттары мен тапсырмалары

 

2.1 Балқаш қаласының 80-жылдық мерейтойына арналған келешекте өтетін мерейтойлық іс-шаралар бейнелемесі ретінде қолдану үшін логотип жасау;
2.2 Қала ұқсастығының бірыңғайлығын қалыптыстыруға және «Балқаш қаласының 80-жылдығы» іс-шарасының белгілі брендін құруға мүмкіндік беретін мәдени-тарихи мұраны, табиғи ерекшеліктерді, жаңа даму үрдістерін айрықша толығымен ескеретін «Балқаш қаласының 80-жылдығы» логотипінің ең үздік жобасын анықтау;
2.3 Қала дамуының  жаңа бағытына   қоғамның  және  бұқаралық  құралдардың  көңілін  тарту;   
2.4.Балқаш қаласының қолайлы   имиджін  құруына, оның  бәсекелік  қабілетін   және туристік  қызметтерінің   нарығында, сондай-ақ  ықтималды  перспективалық  ішкі  туризмнің дамуына,  беделін  көтеруге.
2.5.Қала  туралы  тарихты, оның  адамдарын    және  оқиғаларын есте  сақтау.

                              3. Конкурстың  ұйымдастырушылары

3.1. Конкурстың  құрылтайшысы - Балқаш қаласының  әкімдігі  болып саналады.
3.2.Конкурстың  ұйымдастырушысы: «Балқаш қаласының  мәдениет және  тілдерді  дамыту бөлімі»ММ.

                                    4. Конкурсты  откізу  мерзімдері

4.1. Сұраныстарды   және  конкурстік жұмыстарды  қабылдауы  12.09.-12.11.2016 ж.ж.  аралығында жүргізіледі.
4.2.Қорытындысы  және  конкурстың жеңімпаздарын  марапаттау  2017 жылдың сәуірінде өткізіледі.

5. Конкурсқа  қатысу шарттары

5.1.Конкурска  қатысуға заңды , жеке  тұлғалардың , авторлық  ұжымдардың   құқығы бар.
5.2.Конкурсқа  берілетін  жұмыстар 2016  жылдың  12 қарашасына  дейін  жасалу керек. Логотиптер тіркелмеуге  тиіс.

6. Байқау материалдарын ұсыну реті

6.1. Байқауға қатысу материалдарына мыналар жатады:
6.1.1. Логотип:

  1. назар аударта алатындай тартымды, қарапайым түсінікті бейне болуы тиіс;
  2. Балқаш қаласын айқындайтын және көрнекі белгісі болуы тиіс
  3. бейне айқын, кез келген өлшемде түсінікті, ақ және қара түсті және қарапайым түсті үлгіде болуы шарт
  4. орналастырудың тік және көлденең үлгісіне үйлесуі тиіс
  5.  күрделі бөлшектер мен түсініксіз пішіндер/компоненттер болмауы керек.

6.1.2. Байқауда қаралу үшін сурет келесі техникалық сипаттамада дайындалуы керек:
Суретті файл пішіні – 6 Мбайт. Растрлы графика үшін өлшемі 300 dpi  А4, tiff, jpg. Векторлы графика үшін ai, eps,.  Cdr. форматы. Барлық жазулар қисық ауыстырылуы керек. Түс үлгісі – RGB, CMYK.
Жаңғыртқан кезде логотиптің басты графикалық элементтері  кез келген болжалды  өлшемде бірдей жақсы қабылдану керек,кез келген түсіру амалы және кез келген нұсқада жаңғыртылуға жарамды.
Егер жұмыс айтылған техникалық талаптарға сай келмесе,онда оның байқауға қатысуына рұқсат етілмейді.                                                                                                       6.1.3. Байқауға қатысу үшін  толтырылған өтінім нысанында қажетті байланыс мәліметтерін көрсету қажет. Егер мәліметтерді көрсетпесе, жұмыстар байқауға қабылданбайды.                                                                                                                            6.1.4. Еркін нысандағы логотип тұжырымдамасының қысқаша негіздемесінде ұсынылған логотип пен логотип дизайн элементтерінің құндылықты –мағыналы мазмұнының мағынасын ашуды сипаттау керек.
6.2.Жұмыстар  2016 жылғы 12 қарашаға дейін қабылданады.                                                                                                   6.3.Материалдарды байқауға ұсыну өтінімді жіберу арқылы орындалады. (Қосымша 1,2) Ол жерде логотиптің суретін және логотип тұжырымдамасының қысқаша негіздемесін электронды түрде немесе стандартты өлшемде (формат А4 қағазында) салу керек.
Балқаш қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мекенжайы Ленин көшесі, 32 тел: 4-30-69, 4-77-51, электронды мекенжайы: balkash-kultura@mail.ru  Конкурс сұраныстарын электронды түрде немесе баспа түрінде қабылдайды.
7. Конкурстың өту  реті
7.1 Конкурстан түскен  материалдар Ережеге сай, конкурс комиссияларына тексеріске  жіберіледі.
7.2 Конкурстың жеңімпазын комиссия мүшелерінің хаттамасымен шешеді және қайта қарауға жатпайды.
7.3. Ең жақсы логотип авторы Балқаш қаласының 80 жылдығына орай бағалы сыйлықтармен марапатталады.
8. Байланысу ақпараттары.
Конкурсты ұйымдастырушы – Балқаш қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, Ленин көшесі , 32 тел: 4-30-64, 4-77-51 , электронды мекенжайы: balkash-kultura@mail.ru

Қосымша №1
СҰРАНЫС
Балқаш қаласының 80-жылдық мерейтойына арналған, жеке тұлғаның ең үздік логотип номинациясына байқауға қатысу.
Қатысушының аты-жөні
Туған жылы
Мекен жайы
Байланыс телефоны
Электрондық пошта адресі
Логотип тұжырымдамасына түсінік ретінде қысқаша негіздеме

Байқау шарттарымен таныстым және келістім.
Егерде жұмыс авторлық ұжыммен орындалса, сұраныста шығармашылық ұжымның әрбір қатысушысы туралы мәлімет көрсету.

Қосымша №2

 

СҰРАНЫС
Балқаш қаласының 80-жылдық мерейтойына арналған, заңды тұлғаның ең үздік логотип номинациясына байқауға қатысу.
Мекеменің толық атауы
Аты-жөні, мекеме басқарушысының лауазымы
Аты-жөні, туған жылы, жұмыс авторының лауазымы
Пошталық мекенжайы
Байланыс телефоны
Электрондық пошта адресі
Логотип тұжырымдамасына түсінік ретінде қысқаша негіздеме
Байқау шарттарымен таныстым және келістім.

Егерде жұмыс авторлық ұжыммен орындалса, сұраныста шығармашылық ұжымның әрбір қатысушысы туралы мәлімет көрсету.


Дата редактирования: 27 Мамыр 2017

Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх