Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk

Үндеу

Балқаш қаласының тұрғындары, Қазақстанның басқа аймақтарындағы, таяу және алыс шетелдегі достар,  мыс қаласы  жүрегіне жақын қымбатты қауым!
2017 жылы Балқаш қаласы өзінің  80 жылдық мерейтойын атап өтеді.  1937 жылдың 11 сәуірінде  маңызы зор тарихи оқиға – еліміздің  картасында  жаңа қала пайда болды.  Бұл қала -  теңдесі  жоқ  өзіндік мәдени және еңбек  дастаны жазылған көрікті   достықтың қаласына айналды. Оның тарихы - Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы  мен даму тарихы іспеттес.
Алдымыздағы мерейтой – қаламыздың  іргесін қалаған, оны дамытып, гүлдендірген, және осы даңқты  дәстүрді жалғастырып  қаламыздың болашағын  жасайтын  барша біздің жерлестеріміздің мерекесі.
Өз мерейтойын Балқаш қаласы жаңа  жетістіктермен жаңа табыстармен қарсалып,   әр адам  мұнда  өз  үйіндегідей жылылық пен әсемдікті  сезінетіндей  болуы керек.  Болашаққа бет алған  Балқаш қаласы бірнеше аға ұрпақ  өкілдерінің   ерен еңбегімен  жасалып,   бүгінге мұра  боп жеткен ерекше  мәдени-тарихи кеңістігі    көркем келбетімен барша тұрғындар мен қонақтарды баурап алатындай болса дейміз.
80-жылдық мерейтой концепциясы қаланың дамуы және оның  келбетінің көреюіне бағытталған кешенді шараларға негізделген.. Әрі   тарихи –мәдени ескерткіштердің сақталуына зор мән береміз.
Балқаш қаласының есімі жүректеріне жақын  Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі, таяу және алыс шет елдердегі  отандастарымызды   мерекемізді  бөлісуге шақырамыз.
Ерекше атап өтетін жағдай, барша қала тұрғындарының бірігіп атсалысуымен ғана біз нағыз мерекелік көңіл-күй қалыптастыра аламыз.  Біз қаламыздың  құрметті ардагерлеріне, мекеме және өндіріс басшыларына, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, студент жастар мен мектеп оқушыларына, барша қала тұрғындарына  мерейтойға  дайындық барысында  өз ұсыныстары мен пікірлерімен бөлісуге шақырамыз. 
Балқаш қаласының 80- жылдығы  - баршамыздың мерекеміз, бей-жай қалмаңыз, қатысыңыз!
Балқаш қаласының әкімдігі және мәслихаты


Дата редактирования: 22 Қыркүйек 2017

Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх