Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


Балқаш қаласының 80 жылдығына орай қылқалам және қолөнер шеберлері арасында өтетін «Балқаш саған арнаймын» атты қалалық сурет көрмесі байқауының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже
1.1.     Осы ереже қылқалам және қолөнер шеберлері арасында өтетін «Балқаш саған арнаймын» атты қалалық сурет көрмесі байқауының өткізудің мақсаттарын және міндеттерін, тәртібін, өткізу шарттарын және қаржыландыруын белгілейді (бұдан әрі – Байқау);
1.2.     Байқау  Балқаш қаласының 80 жылдығына орай өткізіледі
1.3.     Байқау үйлестірушісі: «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Байқау ұйымдастырушысы: «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК

2. Мақсаттары мен міндеттері
2.1. Мектеп оқушылары  арасында қылқалам және қолөнер шеберлерінің өнерін насихаттау
2.2. Талантты жас суретшілерге қолдау көрсету.
2.3. Халық арасынан шыққан жас таланттардың туған жерімізге деген патриоттық сезімін ояту.
2.4. Қала тұрғындарының белсенділіктерін қолдау

3. Байқаудың өткізу мерзімі және өтінімдерді қабылдау
3.1.     Байқау 2017 жылдың сәуір айында өткізіледі;
3.2.     Өтінімдер мен  салынған суреттер мен жасалынған жұмыстарды 2017 жылдың 30 наурызына дейін қабылданады
 
4. Байқаудың шарттары
4.1. Байқауға әр мектептен 12 мен 15 аралығындағы 2 оқушыдан  қатыса алады.
4.2. Суреттер, жасалған жұмыстар берілген тақырыпқа сай  болуы тиіс.
4.3. Қалалық көрме байқауына бейнелеу өнерінің келесі түрлері бойынша жұмыстар қабылданады:  
- Бейнелеу өнері  (акварель, гуашь, майлы бояу және т.б.);
- Қолданбалы қолөнері (тоқыма, гобелен, ағаш бұйымдары  және т.б.).
4.4. Әр қатысушы жұмысының безендірілуіне байланысты құрал жабдықтарымен келуі қажет (ширма, стол және т.б.).
4.5. Әр қатысушы 3 жұмыстан әкелуі қажет (нақты көлемі көрсетілмеген)
4.4. Қатысушылар өтінімдерді келесі нұсқада 30 наурызына дейін тапсырылулары керек:


Оқушылардың тегі, аты-жөні

Туған жылы

Оқу  орны

Жауапты адамның байланыс телефондары

 

 

 

 

 

 

5. Ұйымдастыру комитеті
5.1.     Байқаудың ұйымдастыру жұмысын әділқазылар міндеттері жүктелген Ұйымдастыру комитеті орындайды; 
5.2. Ұйымдастыру комитеті талдайды, бағалайды, үзіктерді анықтайды және жеңімпаздардың марапатталуын ұйымдастырады

6. Марапаттау:
Байқаудың жүлде қорын ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы БАҚ беттерінде жарияланады.
7. Қатысушылардың өтінімдері келесі мекен-жайы бойынша қабылданады:
Балқаш қаласы, Ленин көшесі, 32 «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК. Байланыс  телефондары: 8(71036) 4-90-66, 4-77-51, факс 4-87-08.


Дата редактирования: 18 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх