Акимат города Балхаш Ресми сайт
poisk

«Балқашқа 80 жыл» Балқаш туралы ең үздік басылым қалалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже:
1.1. Осы ереже «Балқаш туралы» ең үздік басылым қалалық байқауының (бұдан әрі- Байқау) мақсатын және міндеттерін, өткізу тәртіптері мен шарттарын және қаржыландыру көзін анықтайды.
1.2. Байқау қаланың 80 жылдығын мерекелеуге арналған;
1.3. Байқаудың үйлестірушісі: «Балқаш қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ
Байқаудың ұйымдастырушылары: «Балқаш өңірі» ЖШС және «Северное прибалхашье» ЖШС

2. Мақсаты мен міндеттері:
2.1. Қаланың әлеуметтік маңызды оқиғаларын айқын баяндау.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет желілерінде Балқаш қаласының оң имиджін қалыптастыру;
2.2. Бұқаралық ақпарат құралдары және электрондық құралдар арқылы қаланың ерекшеліктеріне қоғамның назарын аудару;
2.3. Басылымдардың жаңа дарынды авторларын қолдау және ынталандыру.

3. Байқауды өткізу және өтінімдерді қабылдау мерзімі:

3.1. Байқау 2017 жылдың қыркүйек айында өткізіледі;
3.2. Байқауға қатысу өтінімдері 2017 жылдың 30 тамызына дейін қабылданады.
4. Қатысу шарттары:
4.1. Байқауға Балқаш қаласының кез-келген тұрғыны қатыса алады.
4.2.Байқауға қатысу үшін байқаудың тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне сай басылым дайындау қажет.
4.3.Байқауға ұсынылған жұмыс мақала, сұхбат немесе эссе түрінде қабылданады және еш жерде жарияланбаған болуы тиіс.
4.4.Жұмыстың көлемі 4000 белгіден кем емес және авторлық фотосурет болуы қажет.
4.5.Басылымдар жергілікті БАҚ және әлеуметтік желілердің танымал пабликтерінде жарияланады.
4.6. Жұмыстың бағалану өлшемі:
• Ақпараттың толықтылығы және материалдардың талдау деңгейі.
• Ақиқаттылығы және дұрыстығы.
• Авторлық стилі және тіл мәдениеті.
• Тақырыптың ерекшелігі.
• Жұмыстың мазмұны тақырыбына сәйкес келуі.
• Жұмыс баяндамасының түсініктілігі.
Байқауға ұсынылған жұмыста болмауы тиіс:
• Бейәдеп сөздерді пайдалану, кемсіту, адамның жеке басын немесе топтарды қорлайтын ақпарат
• Бөгде мәтіндерді (толық немесе жартылай) пайдалануға қатаң тыйым салынады.
4.7 Байқау ұйымдастырушылары барлық материалдарды мақала авторына сілтеме жасай отырып, жұмыс мақсатында пайдаланылуы мүмкін: байқауға қатысушының өтінімі жұмысын пайдалануға келісімі деп есептеледі
4.8. Қатысушылар өтінімдерін 2017 жылдың 30 тамызына дейін төмендегі үлгіде «Балқаш қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырулары қажет:

Т.А.Ә.

Туған жылы

Жұмыс және оқу орны

Басылымның тақырыбы және шыққан орны

Байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 


5. Байқаудың ұйымдастыру комитеті:
5.1. Байқауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды қазылық ету қызметі бар ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады;
5.2 Ұйымдастыру комитеті талдау жасайды, бағалайды, ұздіктерді анықтайды және байқау жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады;
5.3 Ұйымдастыру комитеті қосымша номинациялармен арнайы сыйлықтар беруге құқылы.

6. Марапаттау:
Сыйақы қорын байқауды ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Қорытындыны жергілікті БАҚ редакторлары шығарады. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар туралы мәлімет БАҚ жарияланады.

7. Қатысушылардың өтінімдері мен жұмыстары мына мекенжайда
қабылданады:

Балқаш қ., Ш.Уәлиханов к., 3, үлгіде «Балқаш қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ
Байланыс телефондары: 8(71036) 41920, 45033


Дата редактирования: 26 Мамыр 2017

Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх