Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk

«Үздік қалаға - үздік идеялар» қалалық ғылыми-зерттеу жобалар байқауының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже
1.1. Осы ереже «Үздік қалаға - үздік идеялар» қалалық ғылыми-зерттеу жобалар байқауының (бұдан әрі- Байқау) мақсатын және міндеттерін, өткізу тәртіптері мен шарттарын және қаржыландыру көзін анықтайды;
1.2. Байқау қаланың 80-жылдығына орай өткізіледі;
1.3. Байқаудың үйлестірушісі: «Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ
Байқаудың ұйымдастырушысы: «Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ

2. Мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Зияткерлік-шығармашылық әлеуетін жетелдіру арқылы тұлғаның зерттеу қабілеттерін дамыту. Экономикалық және өндірістік орталық ретінде қаланың оң имиджін қалыптастыру;
2.2 Қала тұрғындарының зияткерлік шығармашылығын дамыту;
2.3 Дарынды және қабілетті адамдарды анықтау, олардың әлеуетті қабілеттерін одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасау;
2.4 Оқушылардың ғылыми жұмыстарға, білім әлемін тануға қызығушылығын арттыру;
2.5 Қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

3. Байқаудың өту мерзімі:

3.1. Байқау 2016 жылдың қазан айынан бастап 2017 жылдың 31 наурызына дейін өткізіледі;

3.2. Байқау қорытындысы 2017 жылдың сәуір айында шығады

4. Байқау шарттары:

4.1. Қатысушылардың жас ерекшеліктері ескерілмейді;

4.2. Байқауға берілген тақырып бойынша авторлық жұмыстар қабылданады;

4.3. Қатысушыға тиесілі емес жұмысты пайдалануға тыйым салынады;

4.4. Қатысушылар өтінімді «Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ  31 наурызына дейін келесі нысан бойынша ұсыну керек:

 

Инновациялық технологиялар жобалары байқауына қатысуға өтінім:

  • Жобаның атауы

 

  • Жоба басшысы (ұйым, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс нөмірі)

 

  • Жобаның сипаттамасы (тағайындауы, негізгі техникалық және экономикалық сипаттамалары)

 

  • Жобаның техникалық және экономикалық артықшылықтары.

 

  • Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша ақпарат

 

  • Иллюстрациялар (фотосуреттер, диаграммалар, схемалар)

 

  • Болжалды қаржыландыру көздері (өз қаражаты, банктік несиелері және т.б.)

 

  • Ұсыну нысаны (толық масштабты үлгі, макет, электрондық презентация, т.б.)

 

5. Байқаудың ұйымдастыру комитеті:

5.1 Байқауды ұйымдастыру бойынша жұмысты қазылар алқасы міндеттері бар ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады;

5.2 Ұйымдастыру комитеті талдайды, бағалайды, үздіктерді таңдайды және байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастырады

6. Марапаттау

Жүлде қоры ұйымдастыру комитетімен қамтамасыз етіледі. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Өздерін ерекше танытқан қатысушыларға ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша арнайы дипломдар тапсырылады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар туралы ақпарат БАҚ-на  ұсынылады. 

7. Қатысушылардың өтінімдері мен жұмыстары келесі мекенжай бойынша қабылданады:
Балқаш қаласы, Ленин көшесі, 32  «Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ
Байланыс телефоны:  8(71036)44711


Дата редактирования: 24 Шілде 2017

Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх